09.02.2022
  124


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰРЫ

Бір сынақпен болса да келген пәле қай қырдан,
Ұры түссе үйіне құлдан қорық қайғырған.
Анығы адам осылай керек еді қайғыру
Хақ ісіне,
Қайғың не, бермейді оған жай бір мән!..
Балағаттан кейін-ақ бес фарызын арқалап,
Уақыттар келеді құл көңлін жарқалап.
Алса алды құл, алмаса өтіп кете береді,
Қойылғаны қойылған күйінде қап бар талап.
Талап Хақтан болғасын, орындамау асылық
боп қамақ һәм мойынға қарыз болып асылып...
Анығы құл осында жоғалтқаны ұры алып
кеткен заттан есе артық еді ол үшін асылы!..
Қайғырса құл лайығы қайғыруға осы еді,
Демейді ол бірақ та: «байлық кімнің досы еді?»
Байлыққа емес нағы құл құлшылықпен өседі,
Хаққа сенген құлдықпен түгелденіп есебі!
Залымдық ол, әрине, ұрлық ісі бір надан,
Ол да өйтпес ед хақтанып болса иманмен нұрлаған.
Бірақ ұры тонаудың не екенін білдірді,
Сен де ұрысың анығы өз бағыңды ұрлаған...
Ұрлау емей немене мәңгі бағың кепілі,
Хақ әмірін атқармау секілді Хақ өкілі?
Ұрлық емей немене Жәннәтқа ұшпай құлдық қып,
Тозаққа өзіңді айдауың жалын атқан, от ұрып!
Біл, түссе ұры үйіңе – «сен де ұрысың» дегені,
«Сен де ұрысың, ал, қайт» деп ақиқаттың кегені.
Ұры түссе үйіңе қой өзіңді ұрлауды,
Қайта атқарып Хақ ісін бақ тап танып Егені!
2011.9.28





Пікір жазу