ҚАРҒАМ-АУ
Жасап тұрып құлшылық отырасың бек азып,
Хақ шындықтан қалыс қап, туралықтан не жазып.
Біліп-білмес Аллаһын, бар, не жоғы белгісіз,
Онда өмірі құлшылық қылмайтынға не жазық?
Хал жеткенше еске алып,
Хақты хақтап сәт сайын,
Деп отырып: «Мақтаулы Сенсің, Хаққым, Мақтайым»!
Күнәңді ойлап күйрейсің тұла бойың түршігіп,
Қабыр,
Мақшар,
Есеп күн,
Сиратты еске ап дайым...
Дүниенің ісіне әбден алып ысылып,
Құрық бойсыз қулықпен жүрген жалған құс іліп,
Өкінесің бауырға, һәм күнәңді шәя алмай,
Мәңгі бармен,
Мәңгі жоқ арасында қысылып...
Өкінесің, шүкір ғой, жанға, әрине, ол ауыр да,
Өкініште бар үміт әрі төзгенде ауырға.
Бірақ, сұмдық болмақ-ты қарсы кеумен Хаққына,
Онысына бір де рет өкіне алмас бауырға!
Бірақ құлға бола оған міндет ара қарғамау,
Олай ету қарсы кеу мәңгі бақтар Барға Анау!..
Ес жи кемі «дін айтқан хақ боп қалса қайтем» деп,
Қайтатынын білсе де қамсыз жүрген,
Қарғам-ау!
2011.9.28