09.02.2022
  108


Автор: Құл-Керім Елемес

АЗҒЫН

Тәңірідей табынған бар өлеңге,
Бір сөзі жоқ ақыл болар әлемге.
«Өлең жұртты құтқарады» деу де әуел,
Не демексің ондай хақсыз, кереңге?!
Құтқаратын Хақ емес пе ед халықты,
Жаратқан да Ол «халық» деген алыпты.
Жыр да Оған тән егер болса салихты,
Бұл анық қой жұрт білетін қалыпты.
Жұрт құтқарар не бар екен өлеңде?
Болса ақиқат, жөн-ау, тағы өлеңде.
Сонда жұртты құтқаратын нәпсіқор,
Аруақ бастап, жын сасыған өлең бе?
Аллаһ жайлы бір сөйлем жоқ бойында,
Құрылған тек жынойнақ пен ойынға,
Аллаһ Құран, дінмен тосқан сұмдықты,
Жазып, жырлау өлең бе екен?..
Қойыңдар!
Жырдан бұлай бұт жасаған не сұмдық?
Надандардың бұл ісінен шошындық!
Наннан құдай жасап қарны ашқанда,
Жеген араб жәһилдері секілді...
Қой ақыным, таубаңа кел,
Хаққа қайт!
Жазсаң өлең хақиқатты хақтап айт!
Жырлайсың ба, жырлауға анық лайық Сол,
Оны білген қыз-қырқынды мақтамайт!
...Әлгі сөз ол Хақ Аллаһқа қарсылық,
Шайтан Оған айтақтаған қарсы қып.
Хақ жауының барар жері жәһәннам,
Дүниесі де өз ойындай таршылық!..
«Ақындарға ереді, – деп, – азғындар*»,
Хақ айтты ақын міне осындай азғын, хар!
Кіріп, әлде кейпіне енген адамның
сөзіне ерген еліктірген бәз жындар...
2011.9.19
* «Шұғара» сұресі, 224-аят





Пікір жазу