09.02.2022
  111


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨТІРІК

Рас тұр,
Қасында өзек өтірік тұр,
«Рас» деп өтірікті көпіріп тұр.
Сөзінен шындық өшіп, жалған өсіп,
Бойынан шіріндінің қошы ұрып тұр...
Жидіген пәлекеттің иісін-ай,
Қайтарған хайуанша күйісін-ай.
Шылп етпей, шімірікпей Барды «жоқ» қып,
Жандырып жамандықты түйісін-ай.
Өтірікші бәтшағардың сөзінше онда,
Өзі бар, Бар еткен жоқ өзін сонда.
Құдай-ау, бұл не деген жалақорлық,
Құдай-ау, бұл не деген өзін шоңдау?!
Уақытын жұмысаумен өтірікке,
Ақылын шығындаған көпірікке,
«Жалған, – деп, – бұның» қайтіп ұқтырасың,
Хақ жайлы қараңқалған есірікке.
Өтірік – өтірікші қазынасы,
Жатпайды ол әуіре боп қазып ашып.
Ол оның ұшында тұр тілінің тек,
Береді ол содан бүрке азынатып.
Үлкені өтіріктің Хақты «жоқ» деу,
Саны жоқ кішісінің, ақты «көк» деу...
Жан сеңі һәм өтірік баста бақты
Жоқ ету орып, шәйіп, тақсыреттеу...





Пікір жазу