09.02.2022
  97


Автор: Құл-Керім Елемес

АСУ

Бұл қандай ауыр дерт еді?
Құмарлық бойды өртеді.
«Дүние» деген дүр нәпсім,
Дүлейдің күйін шертеді.
Жүректі жырға аша алмай,
Жындылықтардан қаша алмай,
Асудан өксіп қайтамын,
Абайлар асқан аса алмай!
Ә-әй!...





Пікір жазу