09.02.2022
  157


Автор: Құл-Керім Елемес

ЗІКІР

Күн де «Аллаһ» деп шығады.
Ай да «Аллаһ» деп туады.
Жел де «Аллаһ» деп соғады.
Жер де «Аллаһ» деп жатады.
Көк те «Аллаһ» деп тұрады.
Шөп те «Аллаһ» деп өседі.
Гүл де «Аллаһ» деп ашылады.
Жауын да «Аллаһ» деп жауады.
Шуақ та «Аллаһ» деп шашады.
Ағаш та «Аллаһ» деп мәуейді.
Теңіз де «Аллаһ» деп толқиды.
Мал да «Аллаһ» деп өседі.
Хақ белгісі осы еді!..





Пікір жазу