09.02.2022
  185


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕКЕУ

Ұяттың негізі иманнан,
Оны ұққан иманын нықтамақ.
Иманмен Хаққына иланған,
Ұятын иманмен мықтамақ.
 Бұл екеу бар болса мият бар,
Бұл екеу бар құлды сыйлаңдар.
Иман бар адамда ұят бар,
Ұят бар адамда иман бар.
Иман бір миуа бақ сияқты,
Ұят ол жемісі – сый мәнді.
Иманын сақтаған ұятты,
Ұятын сақтаған иманды.
«Аллаһ жоқ» дегенге иланба,
Күн тұрмақ Олсыз жоқ қияқ та.
Адамның адамдығы иманда,
Ал иман көрінісі ұятта.
Болмақ тек иманың жиғаның,
Өмірде басқа одан жоқ та ісің.
Ұятың кемісе – «иманың
жойылып баратыр» деп түсін!
2011.9.15





Пікір жазу