09.02.2022
161
ӨТТІ
Өтірікке малданған,
«Су деп сағымға алданған»,
Берген соған кезекті,
Суайттық кез өтті.
Шындық жасап жалғаннан,
Жамандықпен жалғаннан,
Жоққа адамды нандырған,
Адамды естен тандырған,
Жалғаншылдар бексіген,
Өмір өтті-ау өксіген...
Сананы ластық торлаған,
Адамды адам қорлаған,
Білместіктің жаманы-ай!
Әй, пенделік – заман-ай!..
2011.9.14