09.02.2022
  149


Автор: Құл-Керім Елемес

БАСҚА

Сенім басқа, бауырым, құлшылық басқа!
Өміріңді, дұрыс ол, құлшынып баста!
Сенім болмай әуелі құлшылық болмас,
Маңдайыңды жарсаң да құлша ұрып тасқа.
Сенім – нану,
Құлшылық – нанған қылатын,
Хақ фарызы Хақпенен жалғандыратын.
Құл әрине сенім мен құлшылығымен,
Хақ Аллаһқа жолдамақ арман-мұратын.
Дұрыс, нанған – мұсылман, емес «ол емес».
Бірақ құлдық қылмасаң он есе кемес
игіліктер Аллаһтан тиіс келуге,
Қалуың деу мақұрым «кемесе кемес!»
 Құлдық дағы сенімнің қорғаныс бағы,
Сенім ғана гүлдемек қорғаныстағы.
Тіпті сенім қорғансыз жалаңаш қалған,
Құлға келген бақыттың қолдан ұшпағы.
Хаққа нанған құлшылық тұрмайды етпей,
Оны қойып кетпейді сырнайды беттей.
Оны қойып кеткеннің дүние беттеп,
Орнықпас мен – адамы, иманы көктей.
Өзін білген мүмкінсіз тұрмауы бағып,
Шайтанданған болмаса тұрлауы бәдік.
Хаққын танып,
Фарыздың міндетін ұққан,
Сенімдінің құлшылық қылмауы кәдік!..
2011.9.14





Пікір жазу