09.02.2022
  163


Автор: Құл-Керім Елемес

КІЛТ

Кілті Сенің қолыңда жүректердің,
Танысын деп Өзіңді жүрек бердің.
Сосын оны толтырдың иман нұрға,
Болмасын деп иесі құры еттердің.
Сол иманмен таныды Өзіңді адам,
Дін,
Елшіңді,
Ақиқат Сөзіңді адам.
Таныды да кейі оның Өзің беттеп,
Кейі шыннан кердеңдеп безінді адам.
Танығанның болмысы жарықтады,
Ақ-қараны, жоқ-барды парықтады.
Танымаған жүрегі тасқа айналып,
Тірі жүріп өмірде-ақ ғарыптады.
Адам солай сенімнен қақ бөлініп,
Кейі шайтан,
Ал кейі Хақ телініп,
Жатты бірі Жәннәтқа сапар шегіп,
Жатты бірі тозаққа тап болынып...
2011.9.14





Пікір жазу