09.02.2022
  86


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨР АЛЛАҺ

Сен ғана барсың, ия, Аллаһ!
Аллаһ жоқ Сенен еш басқа!
Расұл – елшің Мұхаммед,
Адамзат тәжі ол көш баста!
Сендірдің Өзің бұл шынға жолға сап,
Рухым, денеммен,
Басқа Аллаһ Сенен жоғына, Сен ғанаңа, Аллаһ, сенем мен!
Көзімді аштым соқыр ем,
Ояттың өлі ем, тірілдім!
Орнымнан иман нұрыңмен Сен берген, Аллаһ, тұрылдым.
 Ол рас жасап Сен берген өмірді мұнда тауысып,
Өзіңе қайтам,
Мақсатым – жүзіңді көру қауышып!
Жүзіңді көру ең ізгі иманды құлдың арманы,
Жүзіңді көріп, Жәннәтта бақыты – құлдың қалғаны!
Әлхамдулилләһ,
Жүрегім бұл шынға әбден иланды!
Өмірдің басқа жоқ мәні сақтаудан кірсіз иманды!
Сақтауға кірсіз иманды Өзіңнен қуат сұраймын?
Өйткені жарық Өзіңмен дүние, жарық нұры Айдың!..
Жүзіңді көріп Жәннәтта қалуды мәңгі бер, Аллаһ?!
Сен барсың, басқа еш тәңір жоқ!
Сен ғана Барсың, Өр Аллаһ!!
2011.9.14





Пікір жазу