09.02.2022
  136


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚАСИЕТ

Хақ Ол Хақ,
Хақ Хақ,
Ұлының Ұлы Ол Ұлысы!
Ұлының ұлы ол, қашан да ұлы ұлы ісі!
Қасиет беріп Ұлы Өзі хақ қып жаратқан,
Хақтау ол Хақты хақтанған нақ хақ құл ісі!
Құл сондықтан да хақ қалу керек тұрқында,
Тек Хақ боу керек Хақ берген қан мен ұрқында.
Басқаның бәрін болмыс пен ойдан шығарып,
Қасиеттеу керек қасиетін сақтап ғұрпында.
Қасиет ол – нығмет Хақ берген құлға бір белгі,
Қасиетпен құлға қасиеттелсін деп нұр келді.
Қасиетпен адам жаралып қара топырақтан,
Биік боп бардан*,
Халиф боп барға* түргелді...
Сондықтан құлға шайтанға ермеу бір міндет,
Шайтан ол құлды сәт сайын шалып жүр күндеп.
«Жаралмаса адам болар ем мен деп халифа,
Адам кеп аздым, «адам» деп мәңгі құрыдым» деп.
Мақсаты оның тозақтау «жауы» адамды,
Аңдулы ол содан адамдағы әрбір қадамды.
Адам тек Хаққын зікірлеп, жүріп хақ дінмен
Сақтанбақ одан бес фарыз, дос қып азанды...
Сөйтсе адам сафтап, өмірлеп өтпек бір қалпы,
Қасиет құлдық сақталмақ сонда нұр қалпы.
Сондықтан да адам тек «Хақ» деп ғана хақтанып,
Сақтасын өзін хақ дін ішінде жырғалтып!..
Себебі: қасиет бағаламаудан қашады,
Хақ дінін Хақтың сағаламаудан қашады.
Бойынан бір сәл әлсіздік көрсе әлгі адам,
Өз-өзін мінеп табаламаудан қашады.
Әдетті жұққыш жамандық бастар жанды елтіп,
Шәриғат салып тазаламаудан қашады.
Шайтанға еріп шатқаяқтаған нәшүкір,
Нәпсісін арсыз жазаламаудан қашады...
2011.9.13
* Бар – күллі, барлық жаратылыс





Пікір жазу