09.02.2022
  113


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕКІ ТАНУ

Саулықта Хақты танысаң бір-ақ, білгірім,
Ауырғанда Оны танисың екі, ділгірім.
Себебі, емге данышпан таппай Оны асқан,
Ұшумен Оған айқындалады бұлдырың.
Қысқанда науқас тұлаңды қара тер басып,
Ес кеткен ақыл елпектеп оны қорғасып,
Айдағанда ауыру тұрқында тәннің жан қалмай,
Сасқалақтамақ адамды қара қор басып.
Ақылдан ақыл,
Мендіктен менмен «ер*» қашып,
Алқымдап ажал, елестеп көзге көр қашық,
 Рух пен тәннің үйлесімі ұшып тараптап,
Көңілді қайғы,
Жүректі үрей, сор басып...
Шырқырап рух жер таппай қалар бұғынып,
Алдына келер әміріне Аллаһ жүгініп...
Аурудың сырын Аллаһ қана Өзі біледі,
Бұл істі ғайып білмек жоқ адам ұғынып...
2011.9.12


*Ер – жайшылықтағы адамның өз ішкі мені





Пікір жазу