09.02.2022
106
СӨЙТКЕСІН
Хақ ашып өзін салынса адам жолға хақ,
Тек Хаққын пәктеп хақ махаббатын жолдамақ.
Ойы да, сөзі, ісі де хақтап, біреулеп,
Жат қылықтардан жанталаса өзін қолға амақ.
Өрлетіп солай өрлегендердің Хақ қалап,
Рухы,
Жаны,
Ниеті кірсіз ақтамақ!
Ақылы, ойы, санасы самғап ғарышқа,
Болмысыменен Тәңірі Аллаһ жақтамақ!
Сөйткесін адам жалғанын жойып шынданбақ.
Расы гүлдеп, рухы асқақ шыңданбақ.
Нанымы бекіп, танымы кеңіп Аллаһын
Танумен анық құлданбақ,
Сәттеп құнданбақ!..
Сөйткесін адам ақ сүйіп халқын, мекенін,
Аллаһ хақ,
Дін шын,
Құранның рас екенін,
Болмысыменен шек, шүбә қалмай мойындап,
Әлемдік екі рухының таппақ хош емін!
2011.9.12