ХАҚСЫЗ
Лаухулмақфузда әркімнің тағдыры айқын жазылған,
Анық білдік біз оны Құрандағы назылдан...
Құдайсыздың білімі табиғатқа тірелген,
Сондықтан да Аллаһқа сенімінің нұры өлген.
Құдайсыздың танымы көргенінен өтпейді,
Хақты ілімі сондықтан хақтауға оның жетпейді.
Құдайлылық көрмей-ақ нану болса ғайыпқа,
Құдайсыздық нанбау ол көрмеген соң ғайыпқа.
Бақастықпен былыққан зейіні мен зердесі,
Шындықты оған танытпайд такаппарлық пердесі.
Біз «сақтасын» дегенмен,
Сақтанбайды ол өзі,
Тек қарсы өтер Хаққына адамзаттың ол езі.
Бар қып өзін жаратып,
Бар қып өмір берсе де,
Танымайды ол Тәңірін таныр ақыл берсе де.
Құдайсыз боп қалады ол айыпта ма, айыпта!
Нақ мүмин бе, нанады ол Аллаһына – ғайыпқа!..
Хаққа ұшсын құл, сондықтан, тек Хаққысын мақтасын!
Өзін қор ғып Хаққына қарсы өлуден сақтасын!
2011.9.10