09.02.2022
163
![](/uploads/shorttexts/author_image/bcfbf60b4fa8677238ad1be1a5ba8912-1000x.jpg)
БАЯН
Хақ алдында еш білгір жоқ,
Елші алдында данышпан.
Етілгенге бес күн құрмет,
Болдым деме «данышпан!».
Хақтың ісін Хақ біледі,
Құлдікі Оның аяны.
Хақ па, Хақ Ол нақ біледі,
Құлдағысы баяны...
2011.9.6