09.02.2022
  131


Автор: Құл-Керім Елемес

ЗІКІР

Жамандық іздеп өзіңнен,
Жалған дос болып жанайтын.
Аллаһсыздар көп сөзіңнен,
Аллаһтың атын санайтын.
Шімірікпесін байқарсың,
Хақ атын «қайталапсың» деп.
 Өліге қайтіп айтарсың,
«Хаққыңнан аулақ қапсың» деп.
Ол үшін Рас өтірік,
Өтірік рас ол үшін.
Кетеді-ау ертең от ұрып,
Ашиды жаның сол үшін.
Білдіру болмас білмеске,
Білдірген Хаққа шүкір ет!
Құр ойнап, босқа күлмеске,
Зікір ет, Хаққа, ал пікір ет!
Хақсыздар қарсы бола алмас,
Иманың болсын жолдасың.
Зікірсіз тыныс бол алмас,
Бір сөзің Хақсыз болмасын!
2011.8.25





Пікір жазу