08.02.2022
  185


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Байғозының батыр атануы

Аңырақай даласындағы жеңістен кейін көшпелі жұрт азаттық  пен  соғыстың  не  екенін  түсінді. Халық     жаудан  қайтпас                   Қанжығалы                 Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек бастаған әскерлердің сапында болуға аттанып жатты. Жеңіс қазақ халқының рухын көтерді. Тек бірлік болған жағдайда ғана елдің елдігін, ұлттығын сақтап қа- луға мүмкіндік барын аңғартты. Бұл істе батырлар мен қолбасшылар да ерен еңбек етті. Ісімен, батыр-


лығымен, ұлтжандылығымен үлгі болды.


Жәнібек көптеген жас батырларды тәрбиелеп ерке- леткенімен, орынсыз арқасынан қаға бермеген. Сар- баздарды ол қатал ұстады. Жекпе-жекте сынады.


Байғозы деген жас батырды көрген сайын Жәні- бектің жылы жымиятыны бар. Тағы да сол соғыстың кезі. Шеп құрып, бір-біріне қарсы тұрған қос әскердің ортасындағы алаңға есік пен төрдей құла  ат  мініп, қыл шашақты байрақ көтерген бір қалмақ шыға бер- ді. Дауысы өктем.



  • Әй, қазақтар! Қане, қайсыңды ажал күтіп тұр. О, өңшең қуыс кеуде. «Өлер бала молаға қарай жүгірер» демекші, майданға шығып нең бар? Өңшең кіндігінің басына қарап, өлеусіреген байғұстар, – деп қорлады кеп.


Әлгіге сол сәтте ешкім шыға қоймады. Терісіне сыймай ашуланғандағы әдетімен Жәнібек шақшасын алып, ерніне насыбай салды. Жүйкесі жұқарып, рен- жіген сәтте жанына жақындағанды жақтырмайтын бір әдеті бар еді. Осы кезде бір жас жігіттің Жәнібек- тен найзасын сұрамасы бар ма?



  • Судың да сұрауы бар деген, сен алдымен жігіт екендігіңді көрсет, – дейді күйіп кеткен батыр.


Жас жігіт намысқой екен. Сөзге келмей тұлпарының айылын тартып, қайта мінді. Оны сол  сәтте  еш- кім тоқтата алар емес еді. Сөйтті де алаң ортасында ойқастаған әлгіндегі дөй қалмаққа қарай шаба жөнелді. Артынша ат үстінен он екі тұтам сауытбұзарды* сар- жаның* адырнасына салып, жауын дәлдеп шірене тар- тып қалды. Әлгіндегі байрақ ұстаған жоңғарлық аттың үстінен шалқалай құлады.


Жәнібек «намысқой» жас сарбадың ерлігіне қатты сүйсінді.



  • Жарадың, жігітім. Ер болсаң, осындай бол, – деп батыр қуана дауыстады. – Пау, батырсынған қалмақты мына жігіт құс атқандай қылды-ау.


Қас пен көздің арасында болған іске екі жақ та таң. Әлі сіресіп тұр. Шауып кейін қайтқан жас жігітке Жәнібек батыр найзасын ұсына беріп:



  • Енді найза сенікі! – деді дауыстап.


Бұл тарақтыдан шыққан жас батыр Байғозының алғашқы қадамы еді. Шамасы найзасын бір шайқаста сындырып алса керек.


Жәнібек көпке дейін осы қуанышын ұмыта алмай жүрді.


 


*сауытбұзар – жебенің бір түрі.


*саржа – сүйекпен әшекейленген әдемі садақ, жақ.





Пікір жазу