08.02.2022
  172


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Жаппастан қосылған бес жүз сарбаз

Ұлытаудың кер даласында қалмақтың жолын қара- уылдап жүргендерінде Шақшақұлы Жәнібектің әс-


кері ойда-жоқта құбылаға* бет алған босқындарды көріп қалды. Қандастарын көріп, қазақы әдетпен жөн сұрады.



  • Жаппастармыз. Қалмақтардан қашып келе жатқан бетіміз, – деді әлгілер.


Мына сөзді естіген Жәнібектің іші қан жылап барады:


«Қалмақтардан қашып барамыз» дейді беттері бүлк етпес- тен. Намыстары қайда? Бірақ не істей алады?»



  • Қалмақтар қашықта ма? – деп сұрады Жәнібек ашуын жасырып.

  • Екі күншілік жерде қалды, – деді босқындар.


 



  • Ендеше бүгін осы жерге қоныңдар. Ертеңгісін еркектерің анау төбенің басына жиналыңдар. Ақыл- дасатын шаруа бар, – деді Жәнібек.


Арайлап таң атып, ақ шапақ ен далаға таралғанда Жәнібек төбенің  басына  шығып,  малдасын  құрды. Уәде бойынша босқындар батырдың сөзін естімек боп, төбе басына жиналып жатты. Батыр  үнсіз  отыра  бер- ді. Ойы – қайткен күнде бұларды тоқтату керек. Күн найза бойы көтерілгенде барып жиналған жұрттың ақсақалы жақындап келді.



  • Ау, батыр, айтуыңыз бойынша түгел жиналдық.


Не айтпақ едіңіз? – деді көптің атынан сөйлеп.


Жәнібек жан-жағына көз тастап алып, тағы да біраз уақыт үнсіз отырды.



  • Батыр-ау, артымыздан қуып жау келе жатыр. Айтатыныңызды айтыңыз, тезірек көшуіміз керек, – деді ауыл ақсақалы. Жәнібек осы кезде барып елге бұрылды.

  • Түгел жиналдыңдар ма? – деді сонан соң.

  • Түгелміз, – деп шуласты жұрт.

  • Иә, күн найза бойы көтерілгенде осы төбеге түгел жиналсын дедіңіз, – деді бірі.


 



  • Тағы не деп ем?

  • Тек қана еркектер жиналсын дедіңіз, – деді әлгіндегі жылпос жігіт.

  • Арамызда әйел атаулы жоқ. Оларға не бар мұнда?


Шуласқан жұрт Жәнібекке бұрылды.



  • Батыр, кеше бізге таң атқан соң осы төбеге тек қана еркектер жиналсын дегенсіз. Әміріңіз орын- далды. Содан бері бір жылқыны сойып, етін пісіріп түсіретіндей уақыт өтті, – деп тыпыршыды  бейта- ныс жігіт.

  • Жиналғандар тек еркектер ме? – деді Жәнібек әдейі.

  • Иә, кілең еркектер. Арамызда бірде-бір әйел жоқ, көріп отырған жоқсыз ба? – деді жұрт.

  • Е, дұрыс. Онда айтыңдаршы, еркек болсаңдар, жаудан неге қашып бара жатырсыңдар?


Ел не айтарын білмей тосылып, жерге қарады.


Кенет босқын топтың алдына тақия киген ақсақал шықты. Жүзі қуқыл тартып, түгі тікірейіп, бүкшиіп кетіпті:



  • Батыр, айып бізден. Бастаушымыз жоқ, бас көтереріміз жау қолынан қаза тапты. Сапқа қосылуға рұқсат сұраймыз, – деді қолын кеудесіне апарып.

  • Міне, жөндеріңе енді келдіңдер. Бірлік бар жерде тірлік бар, – деп Жәнібек топтағы адам- дарды көзімен бір шолып өтті де сөзін әрі қарай жалғастырды. – Елден бөтен бас сауғалап қашуың



  • өзің үшін емес, өзгеге де салған салмағың. Намыс қайда? Жаудың атын үркітер баласы, жағасынан алар азаматы бар елміз. Қазақ деген қайыспайтын жұрт. Осыны естен шығармайық.


... Сол күні бес жүз жаппас еркегі атқа қонған еді.


 





Пікір жазу