Сартай бастаған мың бала
Уақыт сырғып өте берді. Бұл Жәнібектің батырлар- дың бірі ретінде көпке танылып, ерлігімен ауызға
ілініп, кішігірім қол бастаған кезі еді.
1722 жылдың желтоқсан айында шүршіт мемлеке- тінің өрісін кеңейтіп, жаңа биікке көтерген қытайдың императоры Канси* қартайып барып, дүниеден өтті. Оның орнына баласы Юнь Чжэнь таққа отырды.
Жаңа император шекарадағы барлық әскерді іш- ке қайтарып, жоңғар қонтайшысы Сыбан-Раптанға арадағы жағдайды бейбіт келісіммен шешуге ұсыныс жасады. Жоңғарларға жау іздеудің де қажеті жоқ бо- латын. Атам заманнан бері итжығыс түсіп келе жатқан қазақ мемлекеті бар. Қытайдың әскерімен тынымсыз шайқаста әбден шыныққан, қыл шашақты қызыл туы желбіреген жүз мыңнан астам шерігін* жоңғар қонтайшысы енді қазақ даласына төкті.
Сыбан-Раптанның мақсаты – Тибеттен бастап Еділ- ге дейінгі аралықта көшпелі Жоңғар империясын құру еді. Оның мүмкін екендігіне өзі де сенімді. Қару- жарақтары да жеткілікті.
Ал зеңбіректермен қаруланған қалмақтарға қарсы тұру қазақтар үшін қиынның қиыны болатын. Бірақ жау шапты дегенде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет сынды батырлардың қасынан құрыштай шыныққан бес жүзге тарта сарбаз қай уақытта да табы- латын еді.
*Канси – ұран аты, оның шын аты Сюань-е (1654–1722 жж.).
Батырлар әрбір жауынгердің жақсы шынығуына, үнемі дайындықта болуына қатты көңіл бөлді. Жәнібек
*шерік (көне) – сарбаз, жауынгер, әскер.
те өз жасағын қатаң бақылап, шеберліктерін шыңда- тып отыруды ұмытпады. Ол жігіттеріне бес қарудың әрқайсысын жақсы меңгеру, яғни мылтық, садақ, найза, қылыш, бұғалықты кез келген сәтте оңтайлы қолдану, тағы бір жайт – жау зеңбірегінің мойнына бұғалық салып сүйретіп кетуді үйрену сияқты өз шарт- тарын қойды.
Мүмкіндігінше, бір түсті ат мініп, біркелкі киінуге, дулығаға шашақ тағып, шекпеннің ішінен киетін кеу- деше, қолғап пен тізелік жасауға міндетті болды. Осы сияқты көптеген әдіс-айлаларды әрбір сарбаз кез кел- ген уақытта тиянақты орындауға дайын еді.
Жоңғар қонтайшысы Сыбан-Раптан қазақ көршісін аяған жоқ. Оның әскері екі бағытта жылжыды. Бір бөлігі Сырды бойласа, екінші тобы Сарыарқаға бетте- ді. Бұлардың мақсаты екі топ Ұлытауда кездесіп, әрі қарай Торғай мен Ырғыздан асып, Жайыққа жетіп, ондағы өз туыстары торғауыттар мен хошауыттарға қосылу болатын.
Арқаға кірген жауды Ерейментау маңында Қан- жығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай батырлар бастаған қол күтіп алды. Бұланты өзенінің бойындағы сорда* 1728 жылы Жәнібек пен Әбілқайырдың жасақтары қосылып жоңғарларға бірінші рет соққы берді. Бұл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» уақытындағы тұңғыш жеңіс еді.
Қазақ басынан өткен осы бір ауыр кезеңнің дәлелі болып «Қайың сауған», «Қалмақ қырылған», «Сауран айналған», «Қалмақ оба» сияқты мекен аттары қалды.
Мына бір оқиға әлі күнге дейін Жәнібектің есінде.
Екі-үш күншілік жерден шолғыншылар Жәнібекке қалмақ қолының санын, қалай беттегенін, не істеп, не қойғанын түгел жеткізіп тұрды. Қазақтың тұқымын құрту ниеті ме, қалмақтар бойы арбаның білігінен асқан ер баланың басын допша домалатты. Жан-жағын
*сор – аяқ батып кететін тұзды батпақ.
жайпап, босқан жұртқа оңды-солды қылыш сілтеп, қатігез жауыздықтар жасады. Қазақ ауылындағы үйлерді өртеп, күлін шашты. Қартты да, әйелді де, қыздарды да, баланы да аяған жоқ.
Жауға қарсы тұрар сарбаз жинаған жаушылар ел кезіп кетті. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген,
Жәнібек жаушы жіберген соң табын Бөкенбай, та- ма Есет, Әбілқайыр сұлтан біраз әскер көмек жіберді. Онымен қоймай, қысылған сәтте Сырдың төменгі сағасындағы шектілер-
ден де өз еркімен әскер атанған мың бала
Жәнібектің қолына қосылған-ды. Жақайым руының төбе биі Байжан Мәмбет пен Бүркіт батыр он жеті жастағы ұлы Сартайды балаларға басшы етіп сайлай- ды. Бұл тірлікті көріп сасып қалған жаушылар:
- Мұныңыз қалай, би аға? Жігіттері бар емес пе бұл елдің? – дейді. Сонда би:
- Әрине, бар. Ерсіз ел бола ма? Мәселен, Бақтыбай мен Пұсырман деген батырлар шекті жұртының ту- ын жыға қоймас. Бірақ қазақтың адам жақтырмас әдеті бар. Бейқамдық дейміз бе, әлде іштарлық деп атаймыз ба, «бүгін анау ауылға жау тисе, ертең біз- ге де жетер» демейді. Соғыстың ертеңін ойламайды. Тіпті үлкен жігіттердің өзі әйелін, бала-шағасын сағынса, әскерді тастап ауылына кетіп қалатыны қанша. Ал жас балалар соғыста тәртіпке бағынады. Ертең-ақ Жәнібек батырдың жасағында бір өзі онға татыр қандыбалақ қырандар өсіп жетіледі, – деп жа- уап қайырады.
Жәнібектің қолына жасамысы* да бар, жас бала- сы да бар жан-жақтан сарбаздар қосылып, мәре-сәре боп жатқанда Сартайдың «шолғыншылары» қалмақ әскерінің үздік-создық жүріспен жақындап келіп қалғанын хабарлады.
Екі жақ қарсы сап түзеп, бір-біріне бата алмаған қос жолбарыстай арбасып тұрып алды. Бір-бірінен сеске- нетін сияқты. Қанжығалы Бөгенбай да, Есет те, тіп- ті Жәнібектің өзі де келесі сәтті күтті. Бірінші болып шайқасты кім бастар екен? Уақыт сынаптай сырғып өтіп жатыр. Ойда-жоқта қазақ қолынан бір топ бөлініп шықты да, «Сартайлап» жауға қарай лап қойсын. Мы- на көрініс саптағыларды дір еткізді.
Жәнібектің қаны басына шапшыды. Жап-жас бал- ғындарды қайтіп қана қалмақтың қылышына турата- ды. «Ақ жүректеріңнен айналдым!»
*жасамыс – қиын-қыстауды басынан өткізген, көпті көрген тәжірибелі кісі, ересек, орта жастағы адам.
Жәнібек жарқ еткізіп алдаспанын суырып:
- Жеріміз үшін, еліміз үшін, балаларымыз үшін, аруақ! – деп дауысы күндей күркіреп, Күреңқасқаның басын қоя берді.
- Шақшақ, Шақшақ, – деп ен даланы жаңғыртқан үн қалың қолдың жігеріне жігер құйып, намысын қайшылап, рухын аспанға көтерді.
Елін сүйген жасөспірім балалар осындай намысты болса керек. Бесігі өртеніп, анасы қан жұтып жатса, қайтіп қана шыдасын. Туған ел үшін жан садаға!
Балалар бірінші болып жауға ат қоймаса, сарбаз- дар мұнша ашынбас еді. Ақалтеке ат Ақмоншақтың үстінде Жайықтың талына саптаған көк найзасын бекем ұстап «Қарабуралап» ұран салған Есет те, қара шоқпарды бұлғап, жауының қазандай басын мыжығанша асыққан Қанжығалы Бөгенбай да бала- лар үшін жанын салды.
Жоңғарлар мынандай екпінді шабуылды бұрын- соңды көрмеген еді. Есі шығып, шайқастың алғашқы сәтінде-ақ жапырылды. Қалың қол бірден шабуылды бастап жібереді деп ойлады ма?
Қалмақ әскербасы соңына ерген бес мың қолмен әрең қашып құтылды. Құдды түс көргендей боп бі- раз күнге дейін есеңгіреп жүрген де шығар. Бұл қазақтардың бесіктен белі шыға қоймаған баласының да батыр болатынын қайдан білсін.
Сартай бастаған мың баланың елін қорғау үшін қантөгіске барып, найза, қылыш ұстауы, ажалға кеу- десін тосуы Жәнібектің жігеріне жігер қосып, төбесін көкке жеткізді.