08.02.2022
  162


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Ауылға оралғанда

Жаугершілік     кезінде    әр   сарбаздың    құлағы    түрік келеді. Бір ойландырары –  қалмақтар  қазақ  ауыл- дарын   батырлары     жорыққа                  кеткен       кезде        шабатын. Құдды  аңдып  жүретін  сияқты.  Қалайда  қазақ  десе сұм жаудың делебесі қозып тұрады, түге. Батыс жақта жоңғардың туысы Еділ қалмақтары анталап тұрса, ка- зак-орыстар да иесіз ауылды бас салып, әлденесін тар-


тып әкетуге құмар.


Тілі ұқсас, мұсылман дінді дейтін башқұртқа не жо- рық? Бірнеше рет Ор өзені тұсынан Торғайға жақындап келіп қайтыпты. Оңтүстіктегі жыртқыш көрші хандар- дың да көмейі кең, қолтырауын сияқты. Дініміз бір де- генімен тегін дүниеге құлқындары құрып отырады.


Осы бір сұрақтардың біріне жауап тауып, біріне та- ба алмай шаршаған Жәнібек жантая кетті. Екі жыл соғыста болып, бұғанасы қатып, соңына ерткен шағын қолмен еліне оралғаны күні кеше.


Көптеген арғын ауылдары шапқыншылыққа ұшы- рап, күндіз күлкі, түнде ұйқы көре алмай, әуре-сарсаң күй кешіп отыр екен. Жайықтың батыс жағындағы қалмақтардың басынғаны сонша, Кіші жүз  жерін  ба- сып өтіп, Торғай бойын да шауыпты. Жаны күйгенімен не істесін, тыпыршып, қос бүйіріне кезек аунап, тыншымаған Жәнібек аяз басыла жауынан кек алуды ойлады. Жалғыз-жарым аттанса, қолынан не келмек? Әшейінде кеудесін қағып, «жау қайда?» деп тепсінген- дер жеме-жемге келгенде бетін аулаққа салды.



  • Басың аман болсын де. Қауіпті ғой мұның. Бұл сапарға бармай-ақ қой, Жәнібек, – деп көсемсігендер де кездесті.


 


Жалғандықтан, жағымпаздықтан қашып, шындықты бүркемелемей, ашық айтқанға не жетсін. «Адалдық – ардың ісі» деп бабалар бекер айтпаған болар. Бұл жолы да Жәнібек батыр алған бетінен қайтпайтын, нағыз қайсар мінезін танытты.


Жанына ерген немере інісі Жанқожа ғана еді. «Қыр- сыққанда қымыран іриді» демекші, сол Жанқожа жол- да суық өтіп ауырып, Жайықтың бергі бетіндегі қазақ ауылдарының бірінде төсек тартып жатып қалды. Жәнібек Жайықтан жалғыз өтіп, қалмақтарға жол шекті. Күндіз жатып, түнде қалмақтардың қазақтардан барымталаған жылқысын торыды. Ақыры өз дегеніне жетті. Бір сәтті түні қалмақтардың жылқышыларын сойылға жығып, үйір-үйір қамыс құлақты алдыға салып, елге беттеді.


Күн ұзын тысқа шығып, алысқа көз тігетін Жанқожа күндердің күнінде Жайықтың арғы бетінен бері саулаған көп жылқыны көріп, Жәнібек батыр екенін білді. Ішінен аман-есен бергі бетке өтсе екен деп тіледі. Сөйткенше арт жақтан қуғыншылардың айқай-шуы естілді.


Құдай да аққа жақ. Жылқыларды айдап батыр бер- гі бетке іліккенде, Жайықтағы сең бұзылып қоя берді. Қызыл суға күмп етіп, жанұшыра кері қашқан қалмақ- тар есін жиып, қаруларына жармасты. Мылтықтарын атты, енді бірі садақтың жебелерін жаудырды...


Қалай дегенде де қазақтың Жайығы өз дегенін жа- сап, батырына көмектесті. Туған жердің мұндай қасиеті барын бөтен жұрт қайдан білсін? Сондықтан болар:


Су кешті арғымақ ат жамбасынан, Қалмақтар күдер үзді мал басынан, Жәнібек жалғыз барып жылқы алды, Қалмақтың иір түбек жартасынан, –


деген жыр халық аузында қазір де естіліп қалады. Сол жылқылардың тұқымы Торғай жерінде әлі бар көрінеді.





Пікір жазу