08.02.2022
  553


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Батырлық бабадан дариды

Үлкендердің: «Тфә, тфә, тілім тасқа! Жәнібектен елді қорғар батыр шықпаса, көр де тұр. Әйтпесе, жұртты аузына қаратқан би атанады, тұқымында бар ғой» деген күбірлескен әңгімесі жиі естілетін. Бұл сөздердің жаны бар.


Жәнібектің бабасы Шақшақ Орта жүз арғын ішінде өзі батыр, өзі би болған адам екен. Бес жасынан садақ тартып, найза ұстап, ерекше қасиетімен елге ұнапты. Аңыздарда Шақшақ он жетісінде Есім ханға (1598 – 1628 жылдар аралығындағы хан) ерген көрінеді.


 


Халық арасында Есім хан «еңсегей бойлы ер Есім» аталып кеткен. Шақшақ  батыр  ойрат  тайшылары- мен де, Бұхара ханымен де, Тәшкен әмірімен де өткен соғыстарға қатысады. Осы жәйттерге қарап, Шақшақ Есім ханның барлық жорықтарында бірге жүрді деген қорытынды жасауға болар.


Қазақ дұшпансыз болмаған, барымтасыз күн кеш- пеген. Сондай күндердің бірінде Еділдің арғы жа- ғасына өту қажет болады. Бұл жауға қапыда тиісу үшін жасалмақ әрекет еді. Буырқанған өзеннің жағалауына жақын келгенде аттары үркіп, ел іркіліп қалады. Араларынан ешкім жол бастай қоймаған соң, он ал- ты жасар жасөспірім жігіт ала тайымен «Аманжол!»,


«Аманжол!» деп ұрандап суға қойып кетеді. Қалың қол амалсыздан соңынан ереді. Жауға тосыннан ти- ген қазақтар жеңіске жетіп, мол олжаға кенеледі. Ке- йіннен әлгі жасөспірімнің арғынның Ермен әулетінің үшінші ұрпағы Шақшақ екені белгілі болады. Ұраны өз әкесінің аты Аманжол. Бұл Шақшақтың алғашқы ерлігі еді. Бұған дейін ол жасынан билік айтып, қара қылды қақ жарған, алдынан бітпей дау, айтылмай сөз кетпеген шешен атанған болатын.


Шежіре бойынша Арғын бабадан (тоқалынан) та- райтын Аманжолдан Әйдерке мен Шақшақ туады. Шақшақтан: Бақай, Көшей, Дүзей,  Ақназар,  Есна- зар, Томай таралады. Ал Көшейдің қалмақ әйелінен туған алты ұлы болған. Олар: Үмбетей, Аю, Қожамбет, Қошқар, Қарабас, Тіней. Бұларды жұрт алты Қошқар деп атап кеткен. Қошқардан Тінібек, Тұрлығұл және Жәнібек туады.


Бірде Шақшақтың алты ұлының бірі – Көшейдің жаңадан үйленген жас келіншегін қалмақтың ба- тыры ұрлап алып кетіп, қонтайшыға сыйға тарта- ды. Көшейдің тетелес інісі Дүзей бұған намыстанып, жеңгесінің артынан қуып барады. Ол сол сапарында жеңгесімен жолығады. Ақылды әйел «болары болды, бояуы сіңді» деп, елге қайтпай, Дүзейге қонтайшының Қарашаш есімді кіші қызын ұрлап алып кетуіне көмектеседі. Елге жеткен соң Дүзей әлгі қалмақ қызын Көшейге қосады.


Жас келін ешкіммен сөйлеспей, күні-түні қайғы- рып, алыстақалғантөркінінойлауменжүреді. Күндер өтіп, Қарашаштың бойына бала бітіп, Шақшақтың малындағы арқар мүйізді ала азбан қошқардың еті- не жерік болады. Соған қарамастан, туған үйіне де- ген сағынышы молайып, екі рет еліне қашпақ бо- лып әрекет жасайды. Екі жолы да қолға түсіп, үйіне алып келінеді. Үшінші рет үйде күйеуі Көшей жоқта Қарашаш тағы да қашады. Бұл уақытта аяғы ауыр жас келіншектің босанар мезгілі жақындап қалған еді. Қарашаштың соңынан қайнысы Дүзей қуып ке- ліп, ұстап алып: Бір емес, үшінші рет қашып тұрсың. Ешкім сені ұрып-соғып, қорлаған жоқ. Ел алдында әбден масқара қылып біттің. Онан да біржолата көзіңді құртып ты- ныш болайық. Сені ағама қосқан мен едім. Сондықтан не істесем де өзім жауап беремін, – деп, келіншекті қорқытпақ оймен алдаспанын суырып алып, шауып тастауға ыңғайланғансиды.


Сонда жеңгесі Қарашаш Дүзейдің бетіне күле қарап: Өлтірсең өлтір. Өлтіргенің мен үшін тіпті жақсы. Тыныш табар едім. Бірақ есіңде  болсын,  менімен қоса еліңе алып  тұлға,  асқар  бел  болар  адамыңнан да айрыласың. Ішімдегімді өзіммен бірге ала кетке- нім – сендерден кек алғаным. Егер мұны еліме алып барған болсам да, ол елімді қырып-жойып қан қылған жауымнан түбінде кек алар еді. Құрсағымда алып ер жатқанын қошқардың етіне жерік болғанымнан-ақ білмейсіңдер ме? Енді өлтіре бер, – дейді.


Мына сөзден соң Дүзей райынан қайтып, Қара- шашты үйіне алып келеді. Жеңгесінің айтқанын әкесі Шақшаққа жеткізеді. Қуанған батыр келінін күзеттіріп, жақсы күтімге алады.


Айы-күні жетіп, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде ұл туып, атын Қошқар қояды. Сол Қошқардан ер Жәнібек туады.


Бір қызығы қалмақ қызы Қарашаш Қарабас бураның етіне жерік болғанда Қарабас деген ұлын, аюдың етіне жерік болғанда Аю деген ұлын өмірге әкелген екен.


Ауыл қарттары кейде бұл әңгімені өрбітіп:



  • Жәнібек, сен анаңның бойына бітерде Шақшақ бабаң түс көріпті. Түсіне Ақжол би кіріп, «Шөберелі боласың. Есімін Жәнібек қой» деп аян беріпті. Оның үстіне анаң қара бураның жүрегіне жерік болып, жа- байыланып кеткен жануарды қыста жыңғыл  шай- нап, күйіс қайырып, жазда бұйырғын* мен жусанға, изен мен жантаққа жардай боп  семірген  шағында әкең Қошқар өзі атып алыпты. Он екі тұтам сұр же- бе алқымнан өтіп барып, жүрекке қадалса керек. Қошқар батыр бураның төсін айырып жіберіп, жүре- гін суырып, өркештерін сылып алып, қоржынына са- лып анаңа жетіпті. Міне, солай. Сен жаман болмауға тиіссің, – дейтін.

Шындығында олар Жәнібекті шын көңілімен жақ- сы көріп, ол десе ішкен астарын жерге қоятын. Қашан болсын балаларына да:



  • Әне, Жәнібекті көрдіңдер ме? Қандай ақылды ба- ла. Тфә, тфә, – деп жатқаны.


*бұйырғын – тақыр, құмды жерлерде өсетін басы бүршікті, жапырағы жоқ, аласа өсімдік.



Жәнібек ойлап қараса, басқалардан асып бара жатқан ешнәрсесі  жоқ.  Ел  қатарлы  асау  үйретеді. Ат тағалайды. Палуандығы да бар. Күресуден өз қатарластарын шақ келтірмейтіні рас. Оған ептеп өлең шығаратынын қос. Аңыз-әңгімелерге де жаны үйір.


 


Әдетте, адамның бала кезінде тыңдаған әңгімесі өмір бойы есінде қалады. Жасында естіп, құлағының құрышы қанбаса, буыны қатайған соң кісі жадына сөз жатталуы қиын. Нақтылай айтсақ, адамға білім, білік, өнеге үйрететін, оны алға ұмтылдырып, тал- пыныспен тау асыратын да осы балалық шақтағы ақылға сіңіп, зейін қойып тыңдаған әңгімелері емес пе! Бала күнгі құлақпен естігенге не жетсін.


Бала Жәнібекке атасының құлақ құрышын қанды- ра айтатын аңыз-әңгімелері құранның сөзіндей жай- лы әрі көңілге қонымды. Оның үстіне үлкен кісінің әр адамның есімін нақтылап айтып, әр сөзге ден қойып, түп мағынасын тереңдеп ұқтыратыны ұнайды.


Атасының айтуынша, қазақтар дүниеге келген нәрестеге ат қоюға аса үлкен мән берген. Бай-бақуат- ты болсын, бек болсын деген ниетпен бала есімдері- не «бай», «бек» сөздерін қосқан. Мысалы, Жұмабай, Жылқыбай, Алтынбек деген есімдер осыдан шыққан. Ал ерлік көрсетіп, жауға шауып, қайратын танытқан- дарды батыр, елге билік айтқандарды би атандырған.


Сол сияқты батырлар мен атақты билердің атын өз баласына қою да қазақта көп кездесетін дәстүр. Мыса- лы, кеңінен таралған сондай есімнің бірі – Жәнібек.


Дегенмен, Жәнібек атаулы тұлғалардың қазақ ара- сында көптеп кездесуіне орай, оларды бір-бірімен шатас- тыруға болмайды. Мәселен, Шақшақ Жәнібектің алдын- да шамамен екі ғасырдай уақыт бұрын Әз-Жәнібек өмір сүрген. Ол Шыңғыс хан әулетінен шыққан ақсүйек, төре тұқымы еді. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі уақытта қазақ ұлысының шаңырағын қайта көтеріп, қазақ мемле- кетін құрған осы Жәнібек пен Керей хан болғаны белгілі. Мұны әрбір қазақ баласы жадында ұстағаны жөн. Екеуі де хан тұқымынан. Болатұлы Керей хан мен Барақұлы Жәнібек хан – Көк Орданы билеген Өріс ханның шөбере- шөпшегі.


шежіре арғын


 


Әз-Жәнібектен кейін ұлтқа еңбегі сіңіп, жалпы қа- заққа аты шыққан адамдардың бірі – Шақшақ Жәнібек Тархан. Туған жылы белгісіз. Жоғарыда айтылғандай, ол – Шақшақтың Көшей деген баласынан тарайтын ал- ты ұлдың бірі Қошқардың баласы.


Жәнібек батырдың заманында, яғни қалмақ пен қазақ жаугершілігінде ерлігімен ел есінде қалып, есі- мі хатқа түскен тағы үш Жәнібек бар. Солардың бірі – сұлтан Жәнібек. Бұл – Әбілқайыр ханның туған күйеу баласы. Ол – қайын атасының жұмсауымен Петерборға, жоңғарларға барып, елшілік істерімен әйгілі болған, жалпы жұртқа себі тиген азамат. Екіншісі – Орта жүздің божбан руынан шыққан Жәнібек. Оны қазақ арасын бұзарлық әрекеттері үшін Абылай хан жазалаған.


Бұлардан кейінгі кесек тұлға – Керей Жәнібек. Ол басқа Жәнібектердің бәрінен кіші, Ертіс бойындағы абақ керей Бердәулет дегеннің баласы. Айтулы батыр, абзал азамат, ел тұлғасы атанған адам. Оның Жәнібек атануының өз тарихы бар.


Бердәулет Қаз дауысты Қазыбектің қызына үйленіп, сәбилі болғанда, алыстан ат шаптырып, өзі өте жақсы көріп, құрмет тұтатын Жәнібек Тарханды шақыртады. Төрге батырды отырғызып:



  • Баламның атын өзіңіз қойып, батаңызды беріңіз.

Жебей жүріңіз, – дейді Бердәулет. Сонда:



  • Бесігін көргенде көңілім толды, өз атымды қояйын,
  • дейді Жәнібек. Жағалай малдас құрып отырғандар қолдарын жаяды.

Азан шақырып, «атың – Жәнібек!» деп есімін үш рет құлағына дауыстайды. «Біреулерге атын ататып боқтат- па, ат жалын тартып мінгенде, алған бетінен тоқтатпа» деп батасын береді.


Кейінірек Жәнібек батырдың жасы ұлғайған кезін- де өз балаларына енші үлестіріп бергенін естіп, кіндік баласы Жәнібек те ат сабылтып жетеді.


 



  • Менің де еншімді беріңіз, – дейді ол.

Қазақтың керемет астарлы да адам сүйсінер мейірбан ырымдарына, дәстүріне таңданбасқа шараң жоқ. Барын өз балаларына үлестіріп қойған Жәнібек батыр не істе- рін білмей қалады. Әкесінің күйін сезген кенже баласы, қарашаңырақтың иесі Тоқтамыс сөзге араласып:



  • Айтқаны жұмбақ боп естілсе де, алыстан ат тер- летіп келуі тегін емес. Іні еншіден үлес сұраса, ырыс бөліспесек жөн болмас. Байқауымша, бұл батыр дүние қуып келмеген шығар. Ата-бабадан қалған дәстүрмен жол қуып, ырым етіп келген сияқты. Сіздің сауытыңыз бен найзаңыз осы ініміздің еншісіне лайық қой дей- мін, – дейді.

Бұл кесімге Шақшақ Жәнібек риза болады. Сөйтіп кіндік баласына арнайы қонақасы беріп, құрметпен жолға шығарып салыпты. Аттанарында батыр:


Керей деген елің көп – Ел айналар шешен бол! Жағаласар жауың көп – Жауға шапсаң, есер бол! Ел ішінде дауың көп –


Жұрт алдында көсем бол! Жабылған жауды жапырып, Шайқасқанда есен бол!


Жекеге шықсаң желденіп, Жауыңның басын кесер бол!



  • деп бата береді.

Бата қабыл болды ма екен, Керей Жәнібек ел ішінде елеулі, халқы ішінде қалаулы азамат саналып, көпке ақыл айтар кемел кемеңгер атанады.





Пікір жазу