meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.02.2022
  236


Автор: Шәмшия Жұбатова

Бір ғұмыр

Бірді бірге қосумен,
Жақсы күнді тосумен,
Қиял бұлт боп көшумен,
Өтеді екен бір ғұмыр.
Ең жақының сатқанда,
Түсіп қалып қақпанға,
Кірпік ілмей ақ таңға,
Өтеді екен бір ғұмыр.
Той жасауға қамданып,
Бірде сөніп, жанданып,
Көп нәрсеге таңданып,
Өтеді екен бір ғұмыр.
Құлағыңа ән келіп,
Көктем келсе сәнденіп,
Бірде толып, сәл кеміп,
Өтеді екен бір ғұмыр.
Көлеңкесің, күнгейсің,
Көзге жанды ілмейсің,
Сөйтіп жүріп өмірдің
Өткендігін білмейсің.





Пікір жазу