meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.02.2022
  197


Автор: Шәмшия Жұбатова

Тұнжыраған жанарын мұң басқанда

Тұнжыраған жанарын мұң басқанда,
Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда.
Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі,
Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда.
Жым-жырт дүние жымиып жырға ұласқан,
Шумағында жатады мүлгіп аспан.
Төкпеледі, төгілді жырлы дастан,
Қызғалдақтар құлпырды қырды басқан.


 





Пікір жазу