08.02.2022
150
Жаз бен қыз
Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.
Көбелек қолға қонады,
Қанатында бар жолағы.
Қумаса сол қыз көбелек,
Жаз қалай қызық болады?
Шашынан түсіп тарағы,
Жүгіріп сол қыз барады.
Күлімдеп аспан төбеден
Жап-жасыл жаз боп қарады.