08.02.2022
  134


Автор: Шәмшия Жұбатова

Жайық жағасында

Қиын ғой өмір әманда,
Қойдым-ау мұңнан айықпай.
Отырмын келіп жағаңда
Иесіз қалған қайықтай.
Мен сенің келіп жаныңа,
Сан рет, Жайық, сыр ашқам.
Уақыт жылдам ағады, ә,
Куә ғой оған Күн, Аспан.
Көлеңке салып көзіме,
Еңкейді күннің шапағы,
Айтпақ па құстар әлдене,
Шуласып неге жатады?





Пікір жазу