08.02.2022
  232


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Құрбан бауыздалардағы оқылатын дұға

Ибраһим пайғамбар ұлы Ысмайылды құрбан етуге тұрғанда құдай-Тағала қошқар жіберіп, сол қошқарды Ибраһим сояр уақытында оқыған дұғасы болса керек. Мағынасы (аллаһума) ей, Алла (һаза) осы қошқар (минка) сенен жіберілген (уа илайка) тағы да саған тиісті (инна слауати) рас менің парыз намаздарым (уа нуски) және құрбандығым һәм хажым (уа махйаи) және менің дүниедегі тіршілігім (уа муммати) және менің өлігім (лиллаһи) бір Алла-Тағалаға тиісті-ді (Раббу-л-лаламин) барша әлемде билеуші Алла-Тағалаға тиісті-ді (ла шарика лака) жоқ-ты сенің серігің, ей, Алла (уа бизалика амарта) осы құлшылықпен бұйырылдым мен (уа инна аууалул муслимин) мен мұсылмандардың әуелі, яғни Ибрагим алайһиссалам (аллаһумма) ей, Алла, (такаббул) қабыл қыл (минна) менен (һазал-удхия) осы құрмандықты пәлен-пәлен ұлынан.


Намаз ішінде «Әлхамдыға» қосып оқитын бірнеше қысқа сүрелердің мағынасы (бисмиллаһи-р-рахмани-ррахим) (инна ағтай-накал-каусар) дұрыс, ей, Мұхаммед, біз саған Каусарды бердік («Каусар» деген ұжмақ ішінде бір көлдің аты-ды, қардан ақ һәм салқын суы балдан тәтті. Сол көлден ішуді Құдай-Тағала Мұхаммед үмметтеріне ғана бұйырды (фасалли лираббика) олай болса, хоз Каусардың шукранасы үшін оқы, ей, Мұхаммед, ғид құрбан намазын (уа инхар) ол намаздан соң құрбан шал (инна шани ака) саған дұшпан болған кісі (һуа) ол дұшпан болған кісі (ал-абтару) қор болар. Бұл дұшпан болушы кісі Аас бну. Уаил деген еді. Ол ахир өмірінде тіленшілік қылды. Абу Жаһл Мекке шаһарына патша еді. Патшалығынан қалып пақыр болды, хатта кебіс-мәсі жамап күн көріп жүріп, ақырында Бадр соғысында жаудан өлді. Уалид бну Мағира деген жұрты бітіп, балалары өліп бітіп, ақырында тіленші болды.


(Биссмиллаһи-р-рахим) (ал-кариғату) көңілдерді түсіндіріп, қорқыныш пен қағылатын күнді қиямет күні (мал-кариғату) қандай ғажайып күнді ол қарияға, яғни ол қиямет (уа ма адраика мал-қариға) кім білдірді саған, ей, Мұхаммед, бұл қариға күнің (яума якуну-н- насу) болар адамдар (кал-фарашил мабсуси) таралған шегіртке рәуішті толқындатып тұрар, (уа такуну-л-жиба-лу) болар ол күнде таулар (калиһнил-манфуши) түткен жүн секілді (фаалисамал сакулат муазинуһу) егер біреудің жақсылық амалдары ауыр келсе (фаһуа) ол кісі (фи ғаишатин) ұжмақта мәңгі тірлікте қалар, (радыятан) разы болар ол адам ұжмақтағы рахаттардан (уа ама ман хаффатмауазинуһу) егер біреудің мизмн таразы күнінде жақсылығынан жамандығы ауыр келсе, (фауммуһу) мұның анасв, яғни карар қылатын орны (һауиятун һауия деген там-ды (уа ма адра ика) кім білдірді саған, ей Мұхаммед һауияны (ма һияһ) не екенін білмесең ол һауия дегеннің (нарун хамиятун) бір отты, ол жеті тамудың отынан ыссы-ды: (бисмил-лаһи-р-рахмани-р-рахим) (әлһаи куму) ескерусіз қылды сөздерді (ал-такассу) малдарыңыз бен балаларыңыздың көптігі, соларға алданып құлшылық уақытынан қаласыз һәм кәсіптің адал-арамына айырмайсыз (хатта) соған шейін ескерусіз болдыңыз ахиретте ұйыға алудан (зертум-ул-маақабира) қабірлеріңізге барғанша (каллә) тыйылыңыз, бұл дүние малымен алданып, құлшылықты


 


ұмытуыңыздан (сауфа тағламуна) тез-ақ білесіз, бұл өрешелігіңіздің ақырын (сумма кәллә сауфа тағламуна) және затыммен ісіндіремін шексіз білерсіз қабіріңізден тұрған соң, (калла) шындықпен ісіндіремін (?) (ләу тағламуна) егер білсеңіз ең алғы дүниеге алданып, ахырет жолын ұмытқандардың халін (илма-л- йа-қини) шексіз білсеңіз еді (ла тараууна-л- жахима) көңіліңіз бен тамуды көрер едіңіз (сумма) бұл тамуды көргендей болып құлшылық етіңіз (латарууннаһа), әлбетте, көресіз ол тамуды (айнал- яқини) шексіз көзбен көресіз, яғни қиямет күнінде ұжмақ, тамұқ әшкере көрсетілер (сумма) мұнан соң, яғни бұл тамуды көрген соң, (ла тусалунна), әлбетте, сұрарсыз (йаумаизин) сол жаһаннамды көзге көрсеткен күнде (ани-н-нағими) Алла-Тағаланың берген нығметтері турасында, яғни Алла-Тағала: «Ей, пендем, мен саған дүниеде дін, саулық, мал, дәулет бердім, қане ол бергендерімді қай орынға жұмсадың?» деп сұрар: (бисмиллаһи- р-рахманир-рахим) (уа-л- асри) ант етемін заманменен немесе заманмен, екіндінің иесімен ант етемін (иннал- инсана) рас, адамдар, перілер (фи хусрин) әрине, өздеріне зиян қылудың соңында бар күшін, қуатын жаман пиғыл мен дүние табуға сырап етіп, жақсылық істерден тоқталып, ахирет дәрежесінен құры қалушанды (илла) бірақ өкініште болмас (әллә-зина) сондай кісілер (аману) иман келтірісті (уа амилу-с-салихат) һәм жақсылық істерді істесті (уа тауасау) және бұйырысты бір-біріне (бил-хак-ки) хақтық жолда (уа тауасау) және бұйырысты бір-біріне (бис-сабри) Алла-Тағаланың дүниеде берген біле (?) қазаларына сабыр етуге.


(Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим) (уайлун) әлек болар (немесе қайсыбір тафсирлерде уайл деген жаһаннамдағы бір шұқырдың аты десіпті ликулли (һумезатин әллази) һәр адамның жүзін жыртып, көз алдында сөгіп, ғайбат етушілерге болар ол әлектік (жамаға малан) жияды өзінің малын (уағаддадаһу) һәм есеп етеді. Малы барға зекет парыз болғанға не үшін пақырларға мал беремін деп соныңмен иманнан құры қалады (яхсабу) есеп етеді ол айбатшы (анна малаһу) қолындағы мал (ахладаһу) мәңгі қалар деп (кәлла) хақиқатта мал мәңгіге қалмас (ла юнбазанна) әлбетте, аталар ол өсекші малдары менен (фил хутамати) хутама деген тамуға (уа ма адраика маал хутмату) кім білдірді саған ол хутама деген тамуды, егер білмесең ол хутаманы (нару аллаһи-л-мукадату) Алла-Тағаланың бір қыздырылған каһар оты-ды (эл- лэти) сондай отты ол (таталлиғу ала-л-аф идати) ол оттың ыссысы жүректеріңе шейін өртер (иннаһа) дұрыс-ты, яки лайықты ол хутама (алайһим) ол кафирлерге (му сада) мұнан хутаманың есіктері байланушы, яғни тиісті күнаһар кәпірлер кірген соң хутаманың есігі жабылар (фи ғамадин мумаддадати) қалушы-ды олар хутаманың ішінде оттан жаралған тіректерменен. Бұл сүренің енген себебі Уалид бну Мағира деген кәпір зекет беруден қашып, иман келтірмей һәм пайғамбарымызды көзінен һәм сыртынан айбаттап сөгуші-ді. Соның турасыңда енді десіпті.


(Бисмииаһир-р-рахим) (а-райта әлләзи) көрдің бе, ей, Мұхаммед, сондай кісілерді, яғни Абу Жаһил менен Аас бну Уаил дегеннің түпкілікті жаһаннами екендігі (юказзибу бид- дин) жалғанға тұтады олар қиямет күнін. Бұ екі малғұнның әдеттері — біреу ауру болса қасына барып «өзің өлсең, бізге малыңнан бөліп қалдыр» деп айтар еді. Мұнан соң, ауру кісі бұл рәуішті кісіден қалған малды зорлықпен ала бастаушы-ды. Халыққа айтатын дәлелдері - «өлгеннің малы қазынаға тиісті, біз алып қазынаға саламыз» деп және екінші әдеттері зекет беруден таюшы-ды, «Зекет пақыр міскінге тиісті емес, қазынаға тиісті» деп. Бірақ алған зекетін қазынаға салмай, өздері пайдаланушы-ды (фа зали-ка) ол көрген екі кісінің, яғни Абу Жаһл мен Аас(әлласи) сондай кісілер-ді (ядуғғу-л-ятима) жетімдерге қиянат етуші, аталарынан қалған мирасын тартып алып (уа ла яхудду) және көңілденбес өздері һәм көңілдендірмес бөтендерді, (ала тағами-л-мискин) міскіндерге тамақ беруге және екі жүзді ме өтірік мұсылман болып жүргендердің мінезі намаздың уақытын жори өткеріп оқып, не істесе риямен сыртынан ғана істеп тірісіндегі? Көршілердің бейшаралары бір нәрсе уақытша сұрай келсе, бермей һәм көп сөгіп, ренжітіп қайтарар еді. Солар хақында Құдай-Тағала бұйырды: (фауайлун) өкінішті болар, яки Уаил деген


 


шұқырда әлек болар (ли-л-муссалина әлләзина) сондай намаз оқушылар (һум) олар (ан сала тиһим саһуна) намаздарының уақыттарынан ғафильді, яғни намазды көре, біле оқымай қалдырып, «қаза оқимыз» деп тұрып, қазасын да өтемес еді, (әлләзина) ол жүз күйелер (һум) олар (юра уна) риямен амал қылушылар Уаил шұқырында һалик болар (уа ямнағуна-л-мағұна) және болмашы нәрселерді көршілеріне бермей сөгіп ренжушілерге болар ол Уаил шұқыры.


(Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим) Мекке кәпірлері пайғамбарымыз алайһиссаламға келіп:


«Я, Мұхаммед, сен біздің пұттармызға бір жыл құлшылық қыл, екінші жыл сенің Тәңіріңе біз құлшылық етелік. Сонан соң қай ұнамдырағын Құдай етелік десіпті. Соның есебінен Құдай-Тағаладан осы сүре ендірілді (құл) айт, ей, Мұхаммед, (я, аюһал-кафируна) ей, көп кәпірлер, (ла ағбуду) құлшылық қылмасын (ма тағбудуна) сіздер құлшылық еткен пұттарға (уа ла на абид) және емеспін құлшылық етуші мұнан соңғы замандарда да (ма абадтум) сіздер құлшылық еткен пұттарға (уа ла антум) және емессіз сіз (абидуна) құлшылық етушілерден (ма ағбуду) мен құлшылық еткен Құдайыма (ләкум диникум) сіздің дініңіз сізге (уа ли дини) менің дінім маған, яғни әркім өз дінінің пайда-залалын өзі көрер деген мағынада.


(Бисмиллаһи-р-рахим) (иза) сол заманда (жа насруллаһи) яғни, келді саған, ей, Мұхаммед, дін исламға қуат берушілер (уал-фарх) және дін исламды келді һәм мұнан соң да келе берер (уа ра-айта-н-наса) көрдің сен, ей, Мұхаммед, адамдарды һәм елмесіңнен бұрын да, өлген соң да көресің (ядхулуна) кіргендерді көрерсің (фи дини-л-лаһи ) Алла-Тағаланың дініне, яғни ислам дініне (афуажан) топ-топ болып көргенін һәм көре берерсің. Оның үшін дін ислам қияметке шейін өзгермейтін ақырғы дін-ді (фасаббих бихамды раббика) олай болса, ей, Мұхаммед, Құдай - Тағалаңа шокранә етіп мақтау айт (истағфирһу) және үмбеттерінің күнәсін жарылқамағымды тіле (Иннаһу кәна) рас болды ол Алла-Тағала һәм болар (тауабан) тәубе қылғандардың тәубесін қабыл етуші.


(Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим) Бір күні Құдай табарак уа тағаладан Мұхаммед пайғамбарымызға бұйрық болды (уа унзир аширатака ал-ақрабуна) яғни «Ей, Мұхаммед, қорқыт өзіңнің ағайындарыңды» деп сол себептен пайғамбарымыз алайһиссалам қырық күнге шейін Сафа тауының басына шығып, қатты дауыспен мұсылман болмағандарға ахиретте болатын жаза мәнісін айтар еді. Абу Лаһаб дейтін пайғамбарымыздың атасының бір туған ағасы һәм оның қатыны Умму Жамилмен екеуі «бұл Мұхаммед қайдағы жоқ азаптарды айтып қорқытады деп», жек көруші еді. Бір күні құптан намазының алдында Умму Жамил пайғамбарымыздың жүретін жолына тікенек салып қойды. Түнде келе жатқанда аяғына қадалып жараланып, ертең тауға бара алмасын деп, Жәбірейіл періште ол тікенекті пайғамбар жолынан алып, Абу Лаһаб есігінің алдына қойды. Ертеңіне Умму Жамил өзі далаға шыға келгенде тікенектерге басып, аяғы зор жара болып, сонан қатты сырқау болды. Абу Лаһаб айтты: — Бұл Мұхаммедтің сиқырмен істеген ісі, уалли, Мұхаммедті таспен атқылап өлтіремін, — деп ант ішті. Сонан соң ертеңіне пайғамбарымыз соңынан тауға келіп, бір үлкен тасты көтеріп, пайғамбарға атайын дегенде Абу Лаһабтың екі қолы жансыз болып қатып қалды. Мұнан соң қорқып Абу Лаһаб пайғамбарымызға жалбарынды: «Я, Мұхаммед, жеңгең мен мен саған күнәлі болдық, дұға қыл, бізді бұл бәледен құтқар»—деп. Пайғамбар алайһиссалам дұшпанына да жауыз дұға қылмайтын әдеті бойынша бұған да мейірі түсіп, аяп, Құдайға жалбарынып дұға қылды һәм Умму Жамил мен Абу Лаһаб дерттерінен дереу сауықты. Сол турада осы сүре айтыпты: (таббат яда аби лаһаб) налактік тапты, яғни құрыды. Абу Лаһабтың екі қолы (уа табба) және әлек болды (ма ағна анһу) жәрдем бермеді Һәм бере алмас мұндай азабымның құтқаруға (малуһу) Абу Лаһабтың малы (уа ма) және сондай нәрсе (касаба) кәсіп қылған істері (саясла) тез кірер ол Абу Лаһаб (наран) отқа (зата Лаһабин) жалған иесі отқа кірер Абу Лаһаб (уа имра атуһу) және Абу Лаһабтын қатыны (хаммалата-л- хатаби) байы мен екеуі азаптың тікенек сифатыларын үстіне артып жүріп отпен азапталар


 


(фи жвдиһа) болушы-ды Абу Лаһабтың қатынының мойнында (хаблун) бір жіп болушы- ды (мин масадин) құрма бұтағынан есіп жасалынған.


(Бисмиллаһи -р-рахмани-р-рахим). Бір күні Мекке кәпірлері пайғамбарымызға келіп: «Я, Мұхаммед, Тәніріңнің сипатын бізге сөйле, алтыннан ба, күмістен бе?» — деп сұрады. Құдай-Тағала сонда бұл сүрені ендірді (құл) айт, ей, Мұхаммед, (һуа) ол Алла - Тағала (аллаһу ахад) бір-ді, ұқсассыз, серіксіз, мекенсіз, замансыз (аллаһу) деп айт және ол Алланы (ас-самад) еш мұқтажы жоқ, ішуден, жеуден таза кәміл сипатта деп (ләм ялид) туғызбады. Алла-Тағала (уа ләм юлад) және тудырылмады, ол Алла-Тағала әуелден ахыр дайым б(уа ләм якун) болмады һәм болмас та (ләһу) ол Алла-Тағалаға (куфуан) теңдес болмас (ахад) ешбіреу.


(Бисмиллаһи-р-раахмани-р-рахим), Мекке кәпірлері пайғамбарымыз Мұхаммед алайһиссаламды сиқырлап өлтіруге қас етіп, Уали бну Аасам деген сиқыршыны жалдапты. Уалидтің бес қызы бар еді. Бәрі де сиқыршылар еді. Сонымен, Уалид пайғамбарымыздың киімінен бір аз ғана жыртып алдырып, әлгі қыздардың шаштарымен он екі түйнек түйнеп, сиқыр дуаларын оқып, қудық түбіне салыпты. Сол уақытта пайғамбарымыздың түсінде екі періште келіп, бір-бірімен сөйлесіпті. «Уалид сиқырлап түйіндер жасап, пайғамбарды ауырту үшін құдық түбіне салды», — деп. Ұйқыдан оянған соң пайғамбар алайһиссалам құдықтан әлгі түйнелгсн нәрселерді алдырған уақытында (құл би рабби-л-фа-лак,) пен ( күл ауузу бирабби-н-нас) екі сүре енді һәм бұл екі сүрені оқыған соң түйнектер өз-өзінен жазылып, пайғамбар алайһиссаламға сиқырдан ешбір зиян болмады.


(Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим) (Құл) айт, Мұхаммед, (ағуузу) сиынамын мен (бирабби- л-фалаки) таңды жаратушы Аллаға (мин шар има) сиынамын сол нәрселердің жауыздығынан (ха-лака) жаратты оларды Алла-Тағала, яғни Құдай-Тағаланың зияндас қылып жаратқан зат, махлұғының жауыздықтарынан сақта деп сиынамын (уа мин шарри ғасикин) және сиынамын қараңғы кештердің жамандықтарынан (иза уакаба) дүние қараңғылық қаптаған уақыттағы (уа мин шарри-н-нафасати) және сиынамын жауыздықпен үшкіркуші қатындардан (филукади) түйіндер ішінде (уа мин шарри хасидин) және сиынамын Құдайыма күншілдердің зұлымдығынан (иза хасада) күншілік еткен уақыттарында.


(Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим) (Құл) айт, ей, Мұхаммед, (ағуззу) сиынамын (би рабби- н-наси малики-н-наси) адамдардын уа барша хайуандардың патшасына, (алаһу-н-наси) адам мен барша хайуанаттардың Тәңірінісіне (мин шарри-л-уас-уасы) көніллі уасуаса қылатын шайтаннан құтқар деп сиынамын (алханна-си) Ханнас деген көңілде жасырын тұратын шайтан-ды (әлләзи) ол ханнас ( юуасуису) уасуаса қылар (фи судури-н-наси) адам перілердің көңілдерінде (мин ал-жанната уа-н-наси) болушы-ды ал Ханнас адам мен перілердің көңілдерінде.





Пікір жазу