Туындылар ✍️
ТӨРТІНШІ БАБ
Намаз ішінде оқылатын дұғалардың қазақша мағынасы
Әр намаздың алдында ең әуелі «ағузу биллаһи мин ашшайтанир ражим» деп оқимыз. Мұның мағынасы (ағузу биллаһи) Алла Тағалаға сыйынамын (мин аш-шайтани) шайтаннан (арражим). сондай шайтан ол таспен атылып, қуаланып еді. Яғни, «Ей, Құдайым, таспен атып қуалатқан шайтанның азғыруынан сақта»—деп сиынамын. Мұнан соң «бисмиллаһи-рахмани-р-рахим» деп оқимыз, «бисмиллаһи» — Ұлы Алланың есімімен бастаймын (ар-рахман) ол Алла-Тағала дүниеде мұсылман, кафир күллі зат, махлукка рахым етуші, ол Алла-Тағала ақиретке мұсылмаңдарға ғана. Мұнан соң намаз ниетін қазақша айтып «аллаһу акбар» деп құлақ қағасыз. «Аллаһу акбар» Ұлы Алла деген мағынада. Мұнан соң «Субханакты» оқимыз. (Субханак аллаһума) «Ей, Құдайым, сені ұлықтаймын һәм таза деп білемін әр кемшіліктен, (уа бихамдика) және саған мақтау айтамын (уа табарак исмука) мубарак болды сенің есім-шарифің (уа тағала) артық болды (жаддук) сенің құдіретің, (уа тағала) артық болды (жаддук) сенің құдіретің, (уа ла илаһа ғейрука) жоқты сенен басқа құлшылық етерлік Алла. Мұнан соң «ағузу биллаһи мин аш- шайтани-р-ражим бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим» деп айтып, «Алхамду сүресін оқимыз: (алхамду лиллаһи) мақтамақ та һәм мақталмақтық та бір Құдай - Тағалаға лайықты (рабби аламин) барша махлұқаттың иесі-ді ол Алла-Тағала ( ар-рахмани-р-рахим) дүниеде кәпір мұсылманға уа барша зат—мақлұқатқа рахым етуші-ді, архиретте мұсылмандарға рахым етуші-ді ол Алла, (малики) билеуші-ді ол Алла(йау-ми-д-дини) жаза күнін, яки қиямет күнін, (ияка нағбуду) бір сені бірлейміз һәм жалғыз саған ғана құлшылық етеміз, (уа ияка настағин) һәм бір сенен ғана жәрдем іздейміз. (Аһдина) біздерді, ей, Алла (ас-сиратал мустаким) тура жолға (тура жол деп ислам дінін атайды), (сирата әллазина) ол көндір деп тілеген жолымыз сондай жол (анғамта алайһим) «нығметландырдың сен» яғни,
пайғамбарға, асхабтарға өзіңнің разылығың табылатын жолдарды беріп едің, сондай жолға көндір біздерді (ғейрил-мағдуби алайһ-им уа ла-д-далин) тысқары болатын жолдарды бердің әнбия менен асхабтарға һәм азбайтын жолдарды беріп едің. Бұ соңғы сүренін мағынасы сол: «Ей, Құдай-Тағала, бұрынғы өткен әнбия асхабтарыңа азбайтын, өзіңе сүйкімді тура жолдарды қалай берсең, бізге де солай жолыңды бер» деген тілек.
«Алхамду» сүресі артынан «әмин» дейміз «Әминнің» мағынасы «Құдая, қабыл ет» деген сөз. Мұнан соң және бір сүре қосып, «аллаһу акбар» деп рукуғқа барасыз. Рукуғта «субхан рабби-л-азым» деп үш рет айтамыз. «Субхан раббил азым» жамих кемшіліктерден таза ұлы Құдайым деген мағынада. Мұнан соң «самиға аллаһу лиман хи-мидаһу деп қиямға барамыз. (Самиға аллаһу) есітуші АллаТағала (лиман хамидаһу) хамид айтушыны, яғни Құдай-Тағаланы мақтап, құлшылық етушіні мұнан соң «аллаһу акбар» айтып сәждеге барамыз. Сәждеде үш рет «субхан раббил-ағла» деп оқимыз. «Сұбхан раббил-ағла» бәләнді (жоғары) болушылардың бәләнді болғушысы раббым, яғни «Ей, кемшілік сипаттардан таза, дәрежесі биіктердің биігі Құдайым» деген мағынада мұнан соң және әлгі реуішше бір рақағат оқып, тахиятқа отырасыз. Тахиятта оқылатын дұғамыз (аттахияту лиллахи) тілмен еткен құлшылық Құдай-Тағала тиісті, (Уассалауату) денемен еткен құлшылық та бір Құдайға тиісті. (Ассаламу саламун алайка) сенің озарыңа, яғни саған (айуаһаннаби) ей, Құдай-Тағаланың нәбиі, яғни пайғамбары (уа баракатуһу) берекеті саған болсын, ей, Құдай-Тағаланың нәбиі (ассаламу алайна) һәм Құдай-Тағаланың сәлемі біздерге болсын (уа ағла ғибадиллаһи-с-салихин) дұрыстықпен құлшылық етушілерге (ашһаду анна ла илаһа аллаһи) куәлік беремін жоқты бір Құдай-Тағаладан басқа құдай (уа ашһаду анна мухаммадан абдуһу уа расулуһу және куәлік беремін Мұхаммед Құдайдың құлы-ды һәм расулы-ды, яғни елшісі-ді (аллаһумма) ей, Алла (сала) рахмет қыл (ала Мұхаммед) Мұхаммедке (уа ала илли Мұхаммед) және Мұхаммед алайһиссаламның үй- жамағаттарына (кама салайта) қалайынша рахмет еттің (ала Ибраһим) һәм Ибраһимнің жамағаттарына (иннака) хақықында сен (хамид) мақталынбасың (мажид) сүйілмешсің һәм ұлықсың. (Аллаһум ей, Алла (барак) мүбарак ет (ала Мұхаммед) Мұхаммедке уа ала илли Мұхаммед) және Мұхаммедтің жамағаттарына (кама баракта) қалайынша мүбарак еттің сен (ала Ибраһим) Ибраһимді (уа ала илли Ибраһим) және Ибраһимнің жамағаттарына (иннака) хақиқында сен (хамид) мақталынбас сен (мажид) құрмет етілмексің һәм ұлықсын (раббуна) ей, біздің рабымыз (атпа) келтір біздерге (фид дуня) дүниеде (хусна) жақсылықты (уа фил ахират) және ахиретте (хусна) жақсылықты (уа кина) құтқар біздерді (ғазабанар) дозақ азабынан (уа ахширна) тірілт біздерді (мағалибрар) жақсыларменен. Бөтен намаздарда да осы дұғалар мен сүрелер қосылып оқылады. Бірақ үтір уажиб намазындағы сүре Қунуттың мағынасы осы: (аллаһумма) ей, Алла, (инна) рас, біздер (настағинака) жәрдеміңді тілейміз (уа настағфирука) жарылқануды тілейміз (уа ну мину бика) және саған иланамыз (уа натауаккалу) тәуекел етеміз (алайка) саған (уа нусни) суна айтамыз (алайка) саған (ал-хейра) хайр етеміз (нашкурука) шүкіршілік етеміз (уа ла накфирука) қарсылық етпейміз (уа нахлағу) суырамыз (уа натруку) тағы да қалтырамыз (ман йаф жирука) саған бұзықтық етушіні (аллаһума) ей, Алла (ияка) саған ғана (нағбуду) құлшылық етеміз (уа лака) тағы да саған ғана пендешілік етеміз (нусал-ли) намаз оқимыз (уа насжиду) сәжде етеміз (уа илайка) сенің жағыңа (насға) иждиһад етеміз (уа нахфиду) және құлшылық етеміз бой ұсынумен (наржу) үміт етеміз (рахматака) сенің рахметіңнен (уа нахши) қорқамыз (ғазабака) сенің азабыңнан (инна ғазабак) рас сенің азабың (бил куфар мулхик) кафирлер мен тұтасушы-ды.
Азанда, каматта келетін такбирлерден басқа (хайа алассалауа) деген — тұрыңыз осы намазға (хайа ала-фаллах) асығыңыздар құтылуға (кад камат ас-салауа) тұрыңыз намазға деген сөз және ерте намазының азанында (ас-салауа хейрун мин ан-науми) намаз оқу ұйқыдан қайырлырақ-ты деген мағынадағы сөздер.
Тарауих намазындағы тасбихтың мағынасы (субхан) «пәктеймін» яғни тазалаймын барша кемшіліктен (зил-мулки) жер үстінде болған мүліктердің иесі, ол Алла-Тағала (уал- малакут) һәм көк үстінде болған періштелердің иесі және пәктеймін (зил-ғизза) құрмет иесі Алла-Тағала (уалғазамат) артықшылық иесі де Алла Тағала (уал-құдрат) күш иесі де Алла-Тағала ( уал-киб-рия уал-жабарут) биіктердің биігі ұлылық иесі де Алла-Тағала (субхан) таза-ды Алла-Тағала ( әл-малик) сондай ие-ді( әл хайи әл-ләзи ла ямут) тірі-ді ол Алла-Тағала һәм тағала һәм ешбір өлмес (субух құддус) таза болушы ол Алла-Тағала (раббул малайка) періштелердің Құдайы (уаррух) және Жәбірейіл алайһис-саламның Құдайы (ла илаһа илла алла) жоқты Құдайдан бөтен құдай (настағфиру аллаһа) жарылқамағыңды тілеймін, ей, Алла (насалаку) тілеймін мен сенен (ал-жанната) жаннатты (уа нағузу бика) сиынамын саған (минан-нар) от азабынан.