08.02.2022
  117


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Төртінші, хаж турасында

Хаж ету дегеніміз өмірде бір рет араб улайындағы Мекке шаһарында болғушы кағбату-л- лаһи, яғни, «Аллаға құлшылық ететін үй» деп аталған орынға барып зиярат ету. Қағбату- л-ла- һиды Құдай табарак уа тағала Ибраһим пайғамбарға өзі бұйырып салдырымшы - дүр. Жәбірейіл періштені жіберіп, Құдай-Тағала Ибраһимге бұйырды: «Сал Қағбаны»,— деп. Ибраһималайһи - с-салам: «Құдая, мен білмеймін Қағбаның орнының қайсы екендігін



  • деді. Сол уақытында Жәбірейіл келіп, бір жерден бөтен тасты көтерді, сол тастың жатқан орнына салмақ Құдай - Тағаланың әзәли құдіреті еді. Мұнан соң Құдай-Тағала бұйырды» Меккеге жақын жердегі Тур сина, Тер Зина, Хура, Лубнан, Жуди деген бес таудан тас келтіріп, Қағбаны сол тастарменен бина қыл деп. Меккенің онан жақын жерінде де тас көп болса да, Құдай табарак уа тағала әлгі бес таудан тас келтіріп, Қағбаны салмаққа бұйырмақ. Себебі Қағбаға соңғы уақыттарда жүзін ұрып, тауаф еткен, һәм бес намаз оқыған адамның сол бес таудың ауылығындай күнәсі болса да күнәсін кешіремін дегенге ишарат үшін еді деп айтылады. Қағбаны саларда Жәбірейіл періште тас кесті, бөтен періштелер кесілген тасты тараштап, тегістеп берді. Ибраһим пайғамбар баласы Ысмайыл алайһи-с-салам ол тастарды тасып. Қағбаның орнына келтірді. Ибраһим пайғамбар ол тастардан өзі қалап, там жасапты. Тамды орнатарда төрт бұрышында төрт тас қойды. Бір бұрышына тас қойғанда «Субхан алла» деп, екінші бұрышына қойғанда


«әлхамду ли-л-лаһи», үшінші бұрышында «ла илаһа илла алла», төртінші бұрышында» аллаһу акбар» деп тасбих етті. Тамды салып болған соң Ибраһим пайғамбар Құдай- Тағалаға мінажат қылды: «Ей, Құдайым, менің нәсілімнен бір пайғамбар шығар сенің бұйрығыңды, кітабыңды ғалимдерге үйретіп берсін, сен жалғыз ғазизымсың, хакимымсын». Кәләм шарифте былайынша айтылған (раббана уа-л-баьта фиһум расулан йатлу алайһим айатука уа йуғалиму- һум ал-китаба) уа тағала азалы құдретіне біздің пайғамбарымыз Мұхаммед алайһис-саламды Ибраһим нәсілінен һәм оның баласы Ысмайыл нәсілінен шығарды. Мұнан соң Құдай Тағала бұйырды: «Ей, Ибраһим, бұ салған Қағбаға хаж етуге халықты шақыр» деп. Ибраһим айтты. «Құдая, мен жалғыз бейшарамын,   менің   шақырған   дауысым   қанша   халыққа   естілер?»   Жарлық   келді:


«Шақырмақ—сенен, есіттірмек - менен» дегі. Мұнан соң Ибраһим Құрайшу тауына шығып ( айуһа-н-нас инна-л-лаһу тағала бани лакум бейтан уа амаракума анна тахажжуху фа хажжуху) деп дауыстады. Мағынасы: «Ей, адамдар, сіздерге Құдай-Тағала үй бина қылдырды һәм ол үйге хаж қылмаққа әмір етті, келіңіз, хаж қылыңыздар». Бұл дауыс Құдай-Тағаланың бұйрығыменен жамиғі халыққа түгел, хатта сол замандағы адамдардың болашақ замандағы өсіп-өнетін нәсіл, несіптеріне шейін естіліп, һәм бұлардың бәрі де жауап берді (лаббайка ла шарика лака лаббайка инна алхамду уа-н-ниғмата уа-л мулку лака ла шарика лака) яғни «Ей, серігін, теңдесің жоқ Құдайым қайым қылармын сенің қызметіңді, қайым қылармын сенің қызметіңді, ей, серігің жоқ Құдайым мақтау да, дәулет те, мүлік те бір саған лайық» деген мағынада. Ғұламалар айтысыпты, «сол уақытта Ибраһим пайғамбарға «лаббайка» деп жауап берген адамдардың өзі, яки болашақ адамдардың жаны уақытында хажға бармай қалмас, жауап бермегендер бара алмас»—деп. Хаж парыз болады хисабқа малы жеткен, һәм хажға барып қайтқанша үй-жамағаттарының күн көрер ауқаты бар адамдарға, һәм парыз емес, ұзақ жолды көтере алмайтын ауруларға, сатынды құлдарға немесе хаж жолында қатерлі жау, залымдар бар болса, не болмаса қатерлі дариялар болса да. Бірақ Жейһун мен бір халадай сулар дарияға қосылмайды. Қағбатуллаға барып, тәуап ету күндегілік я болмас жыл сайын міндетті амал емес, шамасы келген адам өмірінде бір рет барып қайтса, мойнынан парыз кәміл түседі. Соның үшін бұл


 


қысқа кітапта Қағбаға барған соң қалайынша хаж ету турасын жазбадық. Барам деп талап еткен кісі барудан бұрын немесе жол үстінде, я болмаса, Мекке шаһарының өз ішінде болса, хаж етудің мәнісін сұрап-білмек қиын емес. Бірақ білмекке керек хаж уақыты — құрбан шалатын уақыт һәм құрбанның өзінде хажылап Мекке шаһарында шалады. Сол себепті әркім хажға барамын деп талап етсе, күн бұрын Мекке мен тұрған жерін шамалап, құрбан уақытынан кейін қалмай жетісуге тырысуға керек. Екінші Қағбату-л-лаға тауаф етуге барған адамдарға лайық бұл парыз тауафтан ғейри және пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа сала аллаһу алайһи уа салламның һәм шаһариялары, сахабаларының да қабір шарифтеріне зиярат ету. Пайғамбарымыз қабіріне зиярат ету хаждың парыз уажибіне қосылмаса да барған, хажылардың өз басына айра басқа бір сауапты сүннет десіпті. Пайғамбарымыз қабірі Мадина шаһарында, Меккеден түйе жүрісімен жеті күндік жол болса керек. Мұсылмандарға жыл сайын зу-л-хижжа айының оныншы күнінде, яғни оразадан екі ай, он күн өткен соң, құрбан шалу уажиб. Құрбан шалуда Ибраһим пайғамбар уақытынан бері мирас болды. Қисас-ул-анбия кітабында айтылынады: бір күн Құдай табарак уа тағала Ибраһим пайғамбарға түсінде аян берді: «Я, Ибраһим, құрбан қыл» деп. Ибраһим тұрып жүз түйе құрбан қылды. Екінші күн және аян берді: «Я, Ибраһим, құрбан қыл» деп. Ибраһим тұрып жүз өгіз құрбан қылды. Үшінші күні және аян болды: «Я, Ибраһим, құрбан қыл» деп. Ибраһим: «Я, Құдайым, нені құрбан қылайын?», — деді. Құдай-Тағаладан аян болды: «Бізден бөтен сүйікті не жандығын болса, соны құрбан ет» деп. Ибраһим білді ол сүйікті баласы Ысмайылға ишарат еткенін, һәм тұрып Ажар атты Ысмайылдың апасына айтты:



  • Бір құрметті досым Ысмайылды қонаққа шақырыпты, шашын, басын жу, һәм таза киіндір, — деп.


Осылайынша әдемі киіндіріп, таза жуындырып болған соң, Ибраһим Ысмайылды қасына ертіп және арқан, бір пышақалып, тауға қарай жүрді. Мұны көріп Ібіліс шайтанның сабыр- қарары қалмай Ысмайылға келіп азғыра бастады:



  • Атаң қолына арқан мен пышақ не үшін алды? Сені өлтіруге алып барады. Ысмайыл айтты:

  • Ей, ақымақ, еш уақыт есі бүтін ата жазықсыз өз баласын өлтіре ме? Шайтан бөтен нандырарлық сөз таппаған соң, ақырында:

  • Сені Құдай разылығы үшін құрбан етуге барады,— деді. Ысмайыл айтты:

  • Егер Құдай разылығы үшін болса, бір жаным түгіл, жүз жаным болса да елмекке разымын.


Мұнан тауы қайтып, Ібіліс Ысмайылдың шешесі Ажарға келді, «қатын азғыруға оңайырақ болушы еді ғой» деп. Ажар да Ібілістің «балаңды өлтіруге алып кетті» дегеніне нанбаған соң, бұған да «Ибраһим Құдай разылығы үшін Ысмайылды құрбан етуге алып барады» деді. Ажар да айтты: — Егер Құдай разылығы үшін болса және жүз баламды шалуына разымын» — деп. Шайтан қапа болып, қайтып Ысмайылға келіп және азғырып қарап еді, Ысмайыл атасына дауыстады: — Мынау бір адам жоқ сөздерді айтып, тынышымды кетіре береді? — деп.


Ибраһим айтты:



  • Ол адам сипатындағы шайтан. Егер қасына жақындаса таспен ат. Соның үшін ол жерлерде осы қалыпша тас ату бұл уақытқа қажыларға мирас болып қалды. Мұнан соң Ибраһим тау басына отырып, пышақты тасқа ұрды да айтты:


 



  • Ей, балам, сені түсімде бауыздап жүр екенмін. Ысмайыл айтты:

  • Ей, ата, Құдайдың бұйрығы нешік болса, солай қыл. Сен Құдай разылығы үшін ұғылдан кешсең, мен де жанымнан кештім. Досыңа берген уағданды орнына келтір, — деді.


Ибраһим жылай айтты:



  • Ей, ұлым, нешік сабыр етейін?

  • Ысмайыл айтты (Ин ша алла) Құдай-Тағала мені сабыр иелерінен еткей. Енді, ей, ата, тұр, кешке қалма, саған үш өсиетім бар: әуелі қолымды қатты байла, жан ашуымен ұрынсам қаным сізге тимесін; екінші, бауыздарда жүзімді төмен қарат, бетіме көзің түсіп, аталық мейірің оянып, бауыздарға келгенде қолың тітіремесін; үшінші, анама сәлем айт һәм қайда қара шашты жігіт керсең, мені жадыңа түсіріп, дұға қыл,— деді. Ибраһим пайғамбар қабыл етті, тұрды, баласының қол аяғын байлады, жүзін төмен салды, бірақ пышакпен Ысмайылдың мойнына тартып қалғанда, пышак батпады. Ибраһим қатуланып және тартты, және батпады. Үшіншіде бар күшін салып тартып еді, сонда да кеспеді. Ибраһим ашуланып пышақты лақтырып тастаған кезде, Құдай - Тағаладан үн келді (уа надайнаһу ан я Ибраһиму кад саддақта ар- ру йа) яғни, «Ей, Ибраһим түсіңді расқа шығардың. Сен сөзіңе жеткен соң, біз һәм саған сый жібердік (каулуһу тағала) Тағаланың сөзі: (инна казәлика нажзи алмухсина) «ал, бұл қошқарды құрбан ет, балаңа амандық бердік» (уа фаддайнаһу би-забхин азымын) деп. Сол уақытта Жәбірейіл «аллаһу акбар» деді, һәм бір қой келтірді. Мұны көріп Ибраһим (ла илаһа деді, һәм бір қой келтірді. Мұны керіп Ибраһим (ла илаһа илла алла уа аллаһу акбар) деді. Ысмайыл: «Аллаһу акбар уа лиллаһи алхамду» деді. Соның үшін Құрбан айты күндерінде бұл такбирды айтушылардың күнәсін Құдай-Тағала жарылқар деген.


Құрбан шалу әрбір үй иесі, мүлік иесі адамдарға уажиб. Мәселен, ер мен қатын, ата мен баланың нисабқа жетерлік малдары болса, оларға да өз алдына құрбан шалу уажиб. Құрбанды шалу рәсімі әркімге белгілі. Бір кісіге бір жасқа толған бір қой союмен, сиырдың толық екі жасқа, яғни 24 айға толған, һәм түйенің бес жасқа толғанын жеті кісінің құрбаны үшін союмен уажиб мойнынан түседі. Құрбан етін үш бөліп, бір пәресін өзі жеп, бір пәресін көршілерін шақырып сыйлап, бір пәресін бейшараларға үлестіру мүстахаб. Ләкин, ол етті ешкімге бермей өзі үйі-жамағаттарымен жесе де дұрыс десіпті. Дұрысы — пақырларды, көршілерді мақрұм қоймағандық болса керек. Құрбанға даярлаған мал аурулы, ақсақ болса жарамайды. Көруге қораш болуы һәм дұрыс емес. Малды жығып, аяғын байлаған соң (ағуззу биллаһи мин аш-шайтани-р-ражим, бисмииаһи-р-рахмани-р-рахим) айтып, осы дұғаны оқырға керек: (аллаһумма һаза минка уа илайка инна салауати уа нусуки уа махяя уа махати лаһу раббил-аламина ла шарика лака уа бизалика умирту уа ин аууалу-л-муслимина аллаһумма тақаббал хазиһи-л- удхияти) «пәлен-пәлен ұлынан, бисмиллаһи, аллаһу акбар» деп, бауыздап һәм ішінен айтарға керек: «Алла, бұл құрбандықты біз бейшара пендеңнен қабыл ет. Алла, Ибраһим халилыңнан қабыл еткеніңдей қабыл ет. Ей, Құдайым, егер әмірің болса, сенің ризалығың үшін өзімді де құрбан етер едім», деп. Мұнан соң дүние сөзін сөйлеместен бұрын тез екі ракағат нәфил намаз оқу керек, әр екі ракағатта бір рет «Әлхамду» һәм он рет «Құл хуа аллаһу» сүресін оқып.


Парыз, уажиб, сүннет, мұстахабтар жалғыз жоғарыда айтылған иман, намаз, ораза, зекет, хажда ғана емес, мұнан басқа орындарда да көп. Оның үшін адамзатқа тиісті жақсылық істердің бәрі де қайсысы уажиб, қайсысы парыз, қайсысы сүннет, қайсысы мұстахаб болса керек. Бұлардың бәрін бір кітапқа жинамаққа мүмкін де емес. Һәм бұ кішкене кітапта орын да жоқ. Мәселен, патшалардың жарлығын орнына келтіру, һәм ата-ананы құрмет ету



  • қай кітапта парыз, қайсысында уажиб. Һәм олардың қызметінде болмақ, ата-ана, қатын-


 


балаға халалдан нафақа тауып бермек, әлімдерге, жасы, жолы үлкен ұлыларға төменшілік ету, бөтендерді үйрету үшін оқу оқып, ғылым үйрену, құрбан шалу, пітір-садақасын беру, пақыр ағайындарға һәм көршілерге қарасу — бұлар уажиб. Сырқаулардың көңілін сұрамақ, жасы үлкен һәм насихат сөздерін тыңдау, шақырғанға қонаққа бару, жолаушыға меймандос болу, әркіммен жұмсақ, жылы шыраймен һәм көңілге тимей сөйлесу — бұлар сүннет, яғни пайғамбарымыздың әдет еткен істері һәм мінездері. Осы хұлықта болған кісілерге пайғамбарымыз дүние ақыретте шапағатшы болар (уа аллаһу а ламу).





Пікір жазу