08.02.2022
  226


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

ОПЕРАЦИЯ НӘТИЖЕСІН ТЕКСЕРЕМІЗ. ЖЕҢІС БІЗДІКІ.

 


 



  • Лагерде болған күндеріңнен күнделік жазың- дар. Бүгін демаласыңдар. Ертең ауылға қайтамыз. Кешкісін алау жағамыз,– деді ертеңгісін Ортай ағай сап алдында.– Тәртіп қатал сақталсын. Лагерден ешкім рұқсатсыз ешқайда кетпесін. Бекініс сақшылары орнында болсын!
  • Қап!– деді Әуес.– Мыналардың қорлығы-ай!

Ары-бері теңселе басып, басын шайқаумен жүр.



  • Қайткен күнде бейітті бір бақылап келуге тиіс- піз,– деді Сапар.
  • Осы жолғы тапсырманы мен орындаймын,– дедім достарыма.
  • Сақшылардың көзіне шалынбай өте аласың ба?– деді Көкә.
  • Амалдап көремін.
  • Дұрыс шешім,– деді Болат.– Жалғыз барға- ның жөн. Бәрімізді байқап қояды.

Ертеңгі тамақтан соң жолға дайындалдым. Штаб орналасқан шатырдағы кезекшілік тізімге үңілдім. Сәтіне қарай сақшының бәрі ұлдар. Қыздар қиын. Ортайға әп- сәтте хабарлайды. Шатырлардан ұзай қалың ағашқа кірдім. Қиыр беттегі бекіністі сырығында жалауша желбірейді. Жанында Дулат солдатша қалшиып тұр. Біздің құрамынаң орталық шабуылшысы. Футбол десе, ішкен асын жерге қояды.



  • Тоқта!– деді ол анадайдан дауыстап.
  • Белгіңді айт.
  • Мен Бейбітпін ғой,– дедім жақындай түсіп.
  • Мен сені танымаймын. Белгіңді айт, әйтпесе штабқа хабарлаймын,– деді ол қасарыса түсіп. Қапелімде ойыма бір нәрсе сап ете қалды.


  • Кеше жасырынбақ ойнаған жерге атамның сегіз басты бәкісін тастап кетіппін,– дедім жалынышты үнмен.
  • Анада сен «Орбита» қақпасына гол соққанда, өзіңе көрсетіп едім ғой.– Дулаттың жүзіне сынай қа- радым.

Көше командалары арасындағы «Былғары доп» жүлдесі үшін «Орбитамен» ойында он бір метрліктен Дулаттың соққан добы бізге жеңіс әкелген.



  • Шіркін, сол голды қалай соқтым, ә!– деді мәмілеге келе, бөсе сөйлеген Дулат.
  • Қақпашы оңға құлады. Доп сол бұрышта тулап жатты. Блохиннің Майерге соққан добы сияқты,– дедім оған жел бере.
  • Е, айтқандай Айтыш еді ғой, сені шалып құ- латқан.
  • Сазайын сен бердің,– дедім мен. Дулат мақта- ғанды жек көрмейді екен. Маған сыбырлай төніп:
  • Бүгінгі белгі «Футбол»– деді ол.– Әй, сен көп кешікпе. Бір сағаттан соң мені ауыстырады. Ортай ағай сезіп қойса, төбеме шай қайнатады.
  • Ол ештеңе емес қой. Бәкі үшін атам жонымнан таспа алады,– дедім мен.
  • Уақыттан кешіксең, дабыл көтеремін,– деді ол даусын салмақтап.
  • Уәде.
  • Онда без. Сәт тілеймін.

Ішімнен Дулатқа ұрсып келемін. Адам деген қызық өзі. «Мақтаншақ. Саған бекіністі сеніп тапсырған жоқ па? Ал сен... Әуелі құпия белғіге дейін айтып қойдың. Дулат, сен аңқаусың, әрі мақтаншақсың».


Қия-қияны аралай бейітке жақындап келдім. Жан- жағымды бақылап алып, маңайға көз тіктім. «Жарайсың, Әуес!» деймін күбірлеп. Операцияның нәтижесін қара! Арба да, ат та жоқ. Демек шырақшы соқыр баланы анасымен ауылына қайтарып, өзі де қарасын батырған.


«Нешауа» дедім атамшылап. Міндетімізді орындадық. Сөйттім де жүгіре жөнелдім. Құстай ұшып келсем, Ду- лат көрінбейді. Кенет әлдекім ту сыртымнан қапсыра құшақтай алды.


Біздің отрядтың үш баласы.



  • Қарсыласуың бекер. Қолға түстің– деді бірі.
  • Сені Ортай іздеп жатыр. Түс алға! Лагер- ге жақындап келгенде, сап алдында түрған Сапарды көрдім. Сөйткенше, үш бала маған қарай саптан шығып, тұра жүгірді. Бұлар Көкә, Сапар, Әуес еді.
  • Жеңіс біздікі!– дедім оларға. Балалар сап- та тұрғандарын ұмытып кеткен сияқты. Жан-жақтан сұрақты жаудыртып жатыр.




Пікір жазу