08.02.2022
  173


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

ЖАЙЛАУДАҒЫ КӨҢІЛСІЗ БІР КҮН. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

 


 


"Дүние-ай, кімге опа бердің?"


(әкемнің сөзінен)


 


Түске таман тау-тасты аралап кеткенмін. Сәбидей күліп, күн күлімдейді. Жайлау үсті әп-сәтте сағым аққан дарияға ұқсады да қалды. Күн сәулесіне ілініп тұрған жез қоңырау – бозторғай көк аспанда шырыл- дап ән салады. Таяқ тастам жерде “тау суы таусыл- майды” деп жар салып, құж-құж жағасын тынымсыз соққан Селдей күркірейді. Биіктен карасаң, оймақтай алаңқайда ертегі қоныс орнап қалғандай. Әне, Мәкен шешем бие сауып оралды. Дәкен жеңгем аяқ-аяғына тимей, түскі асты қамдап ұшып - қонып жүр. Желідегі құлындардың маңында қызықтаған қос жиен Айдос пен Адайдың қарасы көрінеді. Әзірейілдей сұс танытқан Ақмойын да бүгін жуас. Мүмкін көңілсіз шығар. Ары- бері кіріп шыққанды көзін бір жұмып, бір ашып қарсы алып, шығарып сап жатыр. Әкемді іздейтін сияқты. Ол болса төрт күннен бері төсектен бас көтермей сұлқ жа- тыр. Сонау күнгі етекке бөлініп кеткен торы айғырдың үйірін алып қайтқаннан бері, ыстығы көтеріліп, түнімен көз ілмей есі шықты. Жақын қоныстағы жора-жол- дастары кеп көңіл сұрап, ауруханаға жатуын өтінген. Әкем міз бақпады.


Ойымды құйғыта шапқан топ аттылының түяқ


дүбірі бөліп кетті. Әлгінде ғана төменгі ауылдың жігіттері көкпарды үйге тастап, сыйын алып, басқа бір серкені құбылаға қонған ауылға әкеткені әкемнің көңілін аулағаны ғой. Дода десе ішкен асын жерге қоятын Мақан жиен, солардың ішінде торы айғырды мықты жылқы деп қалап алды. Анау алдындағы серкеге таласқан екінші бірі сол Мақан. Ертеңгісін біздің үй денсаулығына ша- рапаты тиер деп, әкеме арнап мал атап сойған.


Қонақтар жинала құман ұстап, сүлгі ұсыну менің еншіме тиді. Ақкөңіл самаурын қазақ үйге кіріп, сан шықты. Белдеуде Ербек ағаның аты байлаулы түр. Со- нау етектен жайды естіп, атсоқты боп келген жайы бар. Әкемнің ағасы ғой.


–Көзіңнен айналайын, – деп маңдайымнан сүйіп, бір күрсініп үлкендердің ішіне енді. Бәрі, бәрі былтырғы жылғы той жасағандай. Тек, дүние шіркін, тау асардай бұлқынатын асқақ ән шырқалмады. Оның есесін қабағы салыңқы көптің: "Е, дүние-ай! Өтіп бара жатқан уақыттың зымыраны-ай. Құдай алдынан жарылқасын. Ағайынды ағайынға қосқан көпшілім-ай" деп күрсіну мен шер басты. Әкемнің екі-үш күннен бері жағдайы төмендеп кеткен. Түнімен сандырақтайтынды шығарды. Көңілі жарым жүрген жайдан сақтасын. Әлсін-әлі тамағыма ащы өксік тығылып, жанарым жасқа толып кетеді.


Тал түсте қызыл кресті жедел жәрдем машина кеп тоқтады. Ақ халат киген дәрігердін де сөзі қысқа екен. Елдің "дәм татыңдар, қымыз ішіңдер" дегеніне бас шайқап:



  • Ауруды киіндіріңдер, – деп әмір берді.

  • Жанына біреу отырсын.


Барлық жағдай белгілі. Қанатжан ағайым жылқыдан аттап баса алмайды. "Шаруашылыққа қымыз керек" деп бас зоотехник жиырма шақты бие байлатқан. Мәкен шешем соның қамыңда. Дәкен жеңгем осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығады.



  • Шыңғыс-ай сенің жөнің, – деді ыңқылдаған әкем. Қоршаған елдің аузын қайтіп тиярсың.

  • Баласын медет тұтқаны-ау, – деді бірі. – Қолдыаяқты бала ғой. Әкесіне жәрдемдескені жөн, – деді екінші бірі.

  • Ал Шынғысжан әкеңді дұрыстап емдетіп қайт. Тілеуіңді берсін, – деді Есқали қарт менің қолымды алып. Жедел жәрдемнің кереуетіне жатқызып, мен жанына отырып, машина орнынан қозғалғанда, әкем оң қолын көтеріп жағалай тұрғандарға "хош" деп күбірледі. Ақжалды да ұмыткан жоқ. Иесінің емханаға кетіп бара жатқанын жануар сезді ме кім білсін, басын көтеріп, құлағын қайшылап оқыранып қалған.


–Ии... жануар-ай. Иесінің халін бұл да сезіп жа- тыр, – деді Далдабай жылқышы. Бірде ойға құлап, бірде өрге күшене ұмтылған машина әп-сәтте Биеси- мастан асып, Суыққа еңкейді. Әкем қалғып кеткен сияқты, көздерін жұмып алыпты. Ары-бері қисайған машинаны да елең қылар емес.


Есіме әкемнің Ақжалды мақтағаны түсті.



  • Әй,балам. Жылқының пірін Қамбар ата, сиырдыкін – Зеңгібаба, түйенікін – Ойсылқара, қойдікін – Шопан ата, ешкінікін – Сексек ата деп атайды халық. Оның ішінде аса құрметтісі жылқы малы. Ердің қанатына теңеген. Бабам мініп, сауытын киініп, қылышын асынып, жауына ойран салған. Қазақ мінісін ат басындай алтынға айырбастамаған. Патша тағы арғымақ мінген жігіттің көлеңкесінде қалыпты. Пах, шіркін. Тұрған тұрысына көз салшы. Тфә, тфә. Ешкі бас, салқы төс, құс кеуде. Артқы аяқтарына салмақ тастап тұруын, – дейтін әкем.


Шыңдығында Акжалдың да әкем десе жаны бөлек. Иесін көрген сәттегі тірлігін көрсең. Басын көтеріп, құлағын қайшылап, оқыранып жетіп келеді.


–Әй, жануарым-ау. Мені сағынып қалдың ба?


 



  • дейді әкем де. Жалын қасып, сауырын сипаған сәт Ақжал да иесіне сүйкеніп, еркелеп есі шығады. Жануар екеш жануардың қоштасуын қарашы. "Иең де жазы- лар, әлі мауқынды басасың, Ақжал" деймін күбірлеп, тек сол күндер тез келсе екен.


Тамыздың он жетісі. Төртінші бөлме


Емхананың темір төсегі ауық-ауық сықырлайды.


Көзім жұмулы, көңілім ояу. Тілеуберді дәрігер:



  • Бөке! Мәкен замандасымыз да жұмыс басты ғой. Бір үйдің тыныс тіршілігі, күн көрісі дегендей. Жаныңда балаң бар. Алып кел, барып келіңе жарар. Ауруың асқынып кетіпті. Емдерміз. Тек ештеңе ойла- ма. Асықпай жазылып шық, – деген әкемді алып келіп, түнімен укол салып, емдеген. Палатаның ішіне маған арнап кереует қойғызып, әкемнің жанына жатқызды. Әкемнің бір кездегі нарттай жанған жүзі бозарып, қан-сөлсіз. Жанарлары әлсіз шырақтай жылтырай- ды. Сақал, мұрттарына ептеп-ептеп ақ түсе бастап- ты. Жағаға жылжыған толқындардай, сызат-сызат әжім жүзін құрсаулап алған. Ауық-ауық ыңқылдап қояды. Отыра бергенге шыдамым таусылып сыртқа шығамын. Ұзыннан ұзақ созылған дәліз. Ұсқынсыз киім киген өңшең бір қабағы қатыңқы адамдар. "Шіркін-ай" деймін ішімнен күңкілдеп. Бүл дүниеде аурухана деген мүлде болмаса. Адам атаулы өмірін тек қызықпен ғана өткізсе. Мүмкін сонда олар бірімен бірі шығысып, өмірдің жақсылығын көріп, рақатын біліп өтер ме еді? Бірақ мен бір нәрсеге таңмын. Тіпті өздері ауырып жүріп, әкем екеуміз жатқан бөлменің жанынан өткенде, неге ғана бөрі көргендей шошынады екен? Түсініксіз жұмбақ. Әлде әкемнің ауруы қауіпті ме?


Тамыздың он тоғызы. Әкемнің қуанышы


Әкем түнімен ыңқылдап шықты. Жүзі домбығып ісіп, көздері қызарып, ерні көгерең тартқан. Емхананың тіршілігі дүрбелең. Келімді-кетімді адам. Ұйқың келмейді.



  • Әке, түнімен ауырып шықтың ғой, – дедім. Тіл қатысуымыздың басы осы. Ол басын шайқады.

  • Түс көрдім, – деді ол.

  • Жақсылық па, әке?

  • Әрине, – деді ол күлімсіреп. Жағы арса-арса боп, сүйегі шодырайып, көзі шүңірейіп түр.

  • Құлыным, сен үлкен азамат боп өседі екенсің,



  • деді ол.

    • Оп, бәле, – деймін көңілін аулап.

    • Ақжалды мініп, сонау тауды асып кетіпсің.




Маған қолыңды бұлғайсың.



  • Ойдайт деген-ай. Бірақ, әке мен сенің ұйықтамағаныңды сезіп жаттым, – дедім тақымдап.

  • Әке сен ауырдың. Ыстығың қырыққа барды. Укол салған медбибіге сыбырлап "баламды оятып алмаңдар" дедің. Осың жалған ба?

  • Ал, шын делік. Дәріні асап-асап жеп жатыр- мыз. Құдай қаласа жазылып, ел қатарына қосыламыз,


–деді ол мені көңілдендірмек айлаға көшіп. Өңінің жүдеулігі, қабақтарына орнаған мүң, жарқылдап жүретін шағына көлеңкесін түсіріп, шуақ шашқан көңіліне кірбің орнатқаны белгілі боп тұр.



  • Балам, адам қорлықты аурудан көреді екен, – деді әкем сәл үнсіздіктен соң. Сөйтті де ол сөзін ары қарай жалғай алмай булықты. – Дұшпан атқан оқтай екен, мына дерт... Әкем тас мүсіндей қатып, көзін бір нүктеге қадап, тым-тырыс қалды.


 



  • Уайымшылемесеңғой, әке,–дедімжанұшырып. Әкем тырс үндемеді. Менің көз алдыма тор бүғауда қалған батыр елестеді. Ерте, ерте, ертеде, қырқысқан ойранда, Баян батыр қапылыста жау қолына түсіп, туған жерден алыста, тар қапаста жатады. Сынаптай сырғып күндер, аршындап айлар, жылжып жылдар өтеді. Сағынышы сары уайымға ұласып, кешегі тұлпар мініп, жауына қырандай шүйілген күндерін, көкжиекті белдерін, шомылған айдын көлдерін, әкесін, шешесін, жарын, балаларын ойлап құр сүлдері қалады. Соңда ол:

  • Ау, көк бұлт, шарықтай ұшқан құс, уілдеген жел, ел шетіне хабар айтыңдаршы, – деп зарланады екен. Бұл Құдайтағаланың құлағына шалынып, батырдың қос иығыңдағы періштелерін елге жіберіп, қол келіп, оны тұтқыннан босатыпты дейді. Бәтен әжемнің әңгімесі ғой. Бұл жерде емхана – зындан, дерттің алдын алушы

  • дәрігер ғана. Әкем менің ойлағанымды біліп қойған сияқты.

    • Балам, дәрінің пайдасы шамалы көрінеді. Үйге қайтсам қайтеді, – деді ол менімен ақылдасып.

    • Әттең, дәрігерлер жібермейді-ау.

    • Әке, сен Ақжалға, мен Торыайғырға мініп, бір шырқасақ, шіркін, – деймін әкемді қостап.

    • Қарасуыққа барар ек. Жаратқан жақсы құдай- ай. Көк сүңгі шыршаларды, таудан құлай аққан Селдейді тамашалап, саф алтын ауасын жұтып, жазы- лып кетер ме едім, – дейді ол қуанып.

    • Әрине.

    • Мұрныңды ұрайын. Осыны маған біраз бұрын неге айтпағансың.




Кенет әкем қайта тұнжырады.


 



  • Құлыным-ау, балапаным-ай. Мен сені көңілдендіргім кеп кетті, – деді ол бір сәт жұлып алғандай. Өңі қызараң тартып, маңдайы жіпсіп сала беріпті.

  • Шай ішейік, әке, – дедім терезенің алдында тұрған термосты қолыма алып.


–Балам, мына сөзің құдай жөні, – деді әкем қуанып. Алғашқыда қомағай тірлік танытқанымен әкем әп-сәтте өзгеріп шыға келді.



  • Ту, ыстықтап кеттім, – деді ол екі шыны аяқ шай ішкеннен соң, төсегіне бет түзеп.

  • Шыңғысым-ай, мына тірлікке шыдай алар емеспін. Қапаста жатқан тұтқыннан нем кем? Тырс үндемедім. Жаны жылап жатыр. Соның белгісі боп, кереует сықырлап қоя берді.

  • Әке, – дедім жанына жақындай.

  • Ауырып жатырсың ба?

  • Е, жоқ. Ішім пысып кетті. Адамның жұмыс істемегені өлгені ғой, – деді әкем түнеріп.

  • Әке, сенен бір нәрсе сұрасам айтасың ба? – дедім. Ол басын жастықтан жұлып алды.

  • Құлағым сенде, құлыным. – Әкем тершіген маңдайын сүртті.


–Осы біз кім боламыз? – дедім.



  • Кімі несі? Адамбыз. Қос аяқты пендеміз, – деді ол таңырқаған күйі.

  • Бабаларымыз кім? Қайдан таралдық, – дедім сөзімді түзеп.


Әкемнің көзі жайнап сала берді.


–Жеті атаңды айтасың ғой. Тфә, тфә, тілім тасқа.


Бұл ой сенің зердеңе қалай келді.


–Бұл тірлік менің санама кірмепті-ау. Дұрыс-ақ. Мен айыптымын. Казақ қырық рулы. Бірақ жас бала


 


ата тегін білген жөн. Әлгінде қайғырып отырған әкем, әп-сәтте құлпырып сала берді. Ары-бері бұрылып, бата бергендей ішінен күбірлеп алып, маған қарады.



  • Тыңда. Арғы атаң Кенже, – деді ол.

  • Кенже, – дедім мен де қайталап.

  • Кенжеден Сақай туады.

  • Ие.

  • Сақайдан Мырзақұл боп өрбиді.

  • Сонан соң?

  • Мырзақұлдан Тоқпанбет.

  • Тоқпанбет.

  • Тоқпанбетген Телібайдың тоғызы тарайды.

  • Оның қайсысымыз?

  • Сәл шыда, құлыным. Біз Болысбектің ұрпағымыз. -Иә.

  • Болысбектен менің әкем Асылбек туады.

  • Дұрыс-ақ.

  • Мен Асылбектің баласымын. Сен менің құлынымсың.

  • Оп, бәле.

  • Осыны ұқ, қарағым. Қане, қайталай қойшы, – деді әкем маған сынай қарап. Мен мүдірмей жауап бе- руге бар ынтамды салдым.

  • Міне, дұрыс. Сен арқылы біздің ұрпақ ары қарай жалғасады. Ошақтың оты сөнсе, қазан қараң. Ұрпақ өшсе, бәрі қараң, – деді әкем толқып. Көзіне жас кептеліп түр. Көңілдендіремін деп күйіндіргеніме өкініп, қабағымды түйдім.

  • Әй, балам-ай. Мен қажып отырмын. Ерлік біткен жерде қулық, үміт біткенде торығу басталады. Мен енді қапаланбаймын. Сен жарадың, ұлым, – деді сәл еңкейіп кеп маңдайымнан сүйіп.


 


Әкем тыныш ұйықтады. Мен қос бүйіріме кезек- кезек аунап шықтым. Көзім бадырайып ашық жатыр. Терезе жаққа көз тігемін. Ай шалқасынан туыпты. Екі- үш жаңасы болар. Әжеме ұқсап "жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке" деп күбірлеп қос алақаныммен бетімді сипадым. Самсаған жұлдызды әлем. Әне бір жұлдыз көк аспанға жарық сызат жол жасап, көкжиекке сіңді. "Біреудің демі таусылды" дейтін әжем. "Дүниедегі тірі пеңденің өз жұлдызы бар. Ол сөнген күні сен де сөнесің". Сенерімді де, сенбесімді де білмей екіұдай оймен арпалысып есім шықты. "О, құдіретті күшті табиғат! Ешкімнің отын сөндірмей-ақ қойшы. Осы түнде бір ауру қарт дүние салды. Бәріміздің бойымыз аза бойы қаза болды. Әлгіндегі жұлдыз сенікі шығар. Кім біліпті? Менің жұлдызым қай жерде тұр екен". Терезенің жақтауынан кірген жел пердені тербеп өтті. Дүние деген бір қызық. Әкем неге көзіне жас алды? Түсініксіз бір жұмбақ.


 





Пікір жазу