САРЫБАЙМЕН "СОҒЫС". БОЗ ЖУСАННЫҢ ИІСІ-АЙ..
Өмірде не көп? Зұлмат көп. Есіңде жүрсін. Арғымаққа мінсең, жаяу жүретініңді ойла. Құс төсекке ұйықтасаң, тері тулақта көз шырымыңды алғаныңды ұмытпа. Патша екеш патшалар да алтын тағынан түспейтіндей болған. Бірақ қара жер оларды да жұтты. Оған куә, мына дала. Боз жусан. Пах-пах жусанның иісі-ай.
(тағы да әкемнің сөзі)
Қойшылар көшуге дайындалып жүгін буып, белін сыбанып етектен машина күтулі еді. Әкем екеуміз Биесимастың бауырында жатқан жылқыны шолып қайтып келе жатқанбыз. Биіктен қарағанда малды ауылдың мекен жайын анық байқайсың. Бөлек-бөлек жайылған қой отары, андыз-андыз тігілген қазақы үй, тіпті көкпар тартып жүргендердің қай үйге тастар серкесіне дейін көрінеді.
- Ау, Соқыр келіпті ғой, – деді елең еткен әкем. Бала күнінен бірге өскен құрдасы. Әйелі Шәрбан екеуіне тиесілі еншісі – автодүкен. Ақжалды тақымдап қап, әкем төмен қарай салды. Артынан мен кеттім.
Әп-сәтте өкпе тұстан салдыртып жетіп келсек, Са- рыбай енді ғана сусындап, есік алдына шығып тұр екен. Екеуі төс қағыстырып амандасып, мәре-сәре болды да қалды. Жөн-жосық сұраса отырып, арты әзілге шауып, бір-бірімен күресіп те кетісті. Балалар сияқты.
- Пау, мыналарды қара. Әй, сендерді де әйелі, баласы бар ел ағасы дейді-ау, – деп іштен Мәкен ше- шем тілін безеп жатыр.
- Мына кәрістің тәубесін есіне түсіріп алайын деп... Өзінің саған өктемсіген қылығы жоқ па? – дейді Сарыбай дауыстап.
- Ажалды қарға бүркітпен ойнайды, – деді әкем де гүжілдеп. Ары-бері тіресіп ақыры екеуі де ырсылдап-гүрсілдеп көк шалғынға отыра кетті.
- Пау, жарасып кеттіңдер, түге, – деді Мәкен шешем мазақтап.
- Күштерің тасып бара жатса, анау қу қарағайды бұтап тастаңдаршы. Екеуінде үн жоқ. Бір-біріне қарап жымың-жымың етіседі.
- Бала кезінде талай сабап ем, ішінде кегі бар екен,
- деді әкем.
- Соқ, өтірікті, – деді Сарыбай. Екеуіне қарап сүйсініп мен отырмын. Шіркін-ай, деймін. Балалық шақтағы жолдастардың қылығы бір-біріне жарасып тұрады екен-ау. Әуез екеуміз де осылай болсақ ше? Сөйткенше әкем гүж етті.
- Соқыр, алжиын дедің бе? Ел ағасы дейді-ау, сені. Түріңді ұрайын, гүл дейсің. Онан да етектен бір уыс жусан үзіп ала келсең ғой. Соқыры – Сарыбай. Сөйтсем әкемнің автодүкеннің айнасына байланған бір уыс қызыл гүлге көзі түсіп кеткен екен.
Сарыбай қызарақтап ыржың-ыржың етіп күлді.
- Е, онда тұрған не бар? – деді сонан соң басыңқы сөйлеп. – Ана Шәрбан кемпірің ғой, жасарамын деп жүрген.
- Әй, құрдас-ай. Ауылды, қырды сағынып кеттім. Екі айдың жүзі өтті. Жайлау-жайлау деп дала- ны ұмыттым. Бітпейтін тірліктің көбі-ай. Ту, өзі сенен жусанның иісі бұрқырап тұр ғой, – деді әкем.
Шынында әкем жусан десе ішкен асын жерге
94
қояды. Кейде таң-тамаша боламын. Етекте жүргенде Ақжалды төгілтіп-төгілтіп алып, жусан көрсе, оқыстан тізгінін тартып, жерге түсіп ерінбей еңкейіп, бір түп жусанды жүлып алып, рақаттана иіскейтін.
–Пах, шіркін. Ен далаға алты қанат қазақ үйді тігіп тастап, шалқаңнан түсіп, пілдің қүлағындай желпілдеген түңлікті түріп қойып, ашық аспанға қарап жатсаң ғой. Пау, дүние. Боз жусанның қышқылтым иісі бүрқырап тұрса. Шындығында жусанның иісі – қазағымның иісі емес пе? – деді есіліп кеткен әкем ой- ымды бөліп.
- Мынау ақын болуға айналған ба? – деді жақындап келген Сарыбайдың келіншегі әзілдеп.
- Е, несі бар. Қазақтың екісінің бірі ақын, бірі жыршы, – деді әкем қасарысып.
–Мына дөйді ешкім жеңе қоймас, – деп күлді Шарбан. Мен сонда ғана жусанның не екенін білдім. Әкемнің жүзі қызарып, алабұртқан сезімнің құшағында отыр. Қою қабағы күрт түсіпті.
–Тамақ дайын, – деген шешемнің дауысы шықпаса, әлі не боларын кім білсін. Әкемнің мінезі қызық. Кейінгі кез де көп нәрсені айтып, күрсіне беретінді шығарып жүр.