07.02.2022
  229


Азалы күн

‌Соқтыртып желтоқсанның ызғарлы желін, 


 


Қайғыртып қазағымның бүкіл елін. 


 


Тағыда келді жетіп азалы күн 


 


Ажалы қанға бояп қарлы жерін. 


 


 


 


 Талай жан түшігерлік апатты өлім, 


 


Қайысқан қабырғасы қайран елім. 


 


Апатқа аяқ асты ұшақ ұшырап 


 


Аңырап қанша ошақ қалды бүгін. 


 


 


 


Барар жер бәрімізге бірақ мекен, 


 


Келмейді ажал айтып рас екен. 


 


Он екі жан мәнгілікке кетті озып 


 


Жер ана құшағы тұрақ екен 


 


 


 


Босатып әр босаға діңгектерін


 


Туыстың езгіледі жүректерін. 


 


Өмірдің өзі бізге сынақ екен 


 


Қара жер о дүниеде тұрақ екен. 


 


 


 


Отырмын түн ортасы ауғанынша 


 


Дәрмен жоқ қарсы тұрар амал қанша. 


 


Қазалы от басына көңіл айтам 


 


Тілеуім зардап шеккен аман болса. 


 


                 28.12.2019.


 


Махметжанова Сайраш Абдыкенқызы





Пікір жазу