07.02.2022
  231


Өмір деген осындай

Үй тұрғызып басыңа қайтып келем, 


 


Риза боп Аллаға рахмет айтып қоям


 


Достарың да риза боп қайтты білем 


 


Қол ұштарын тигізіп қабіріңе


 


Еске салып өткенді айтты білем. 


 


Анаң байғұс отыр ғой ойға батып 


 


Кімге құлақ ?асарын білмей сасып. 


 


Өмір деген осылай болды екен


 


Адамдарды әуреге салады екен. 


 


Көңілдері құлазып ойға батып 


 


Өзін-өзі жеп оймен оза ма екен? 


 


Деген сауал ойыма оралды кеп


 


Жоралғыда өмірде керемет?көп.


 


Орындалмай қалама жанға батып,


 


Деген оймен келеді таңдар атып.


 


Жалғастырып өмірді жорғалатып.


 


Мен осылай отырмын ойымды екшеп,


 


Түн ортасы алғандай ұйқымды ұрлап.


 


Өткен күнді еске сап отырмын-ау


 


Елестете өмірді өткен жырлап. 





Пікір жазу