07.02.2022
90
Қарттарым асыл қазынам
Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын!
"Үй алдында төбең болса ертеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең" деп қазақ мақалында айтылғандай. Қарттарымыздың өмірі өсіп келе жатқан жастарға үлгі болары анық. Ақиық ақын М.Мақатаев осы туралы былай деп жырлап кетіпті:
Сақалыңнан айналдым қарт бабалар,
Ұрпағына не айтарсың артта қалар.
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Аға ұрпақтың өнегесін жастарға үлгі тұтып, елімізді өркенниетке апарар ұлы жолдағы жасампаз ұрпақтың кәдесіне жарату өз қолымызда. Олай деу себебім мектеп оқушыларымен жиі кездесу өткізтін орындарың қонағы ардагерлер жастарға ақыл— кеңестері беріп жаңа ұрпақты тәрбиелеуге әлі де ат салысып келеді.
"Қарттар күніне» орай ұйымдастырлған мерекелік іс-шара біздің қалалық кітапханда жиі өткізліп тұрады.
Қарттарымыз әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарының қызығына кенеліп жүре берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін...
Біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
дайындаған: Махметжанова С
Азалы күн
Соқтыртып желтоқсанның ызғарлы желін,
Қайғыртып қазағымның бүкіл елін.
Тағыда келді жетіп азалы күн
Ажалы қанға бояп қарлы жерін.
Талай жан түшігерлік апатты өлім,
Қайысқан қабырғасы қайран елім.
Апатқа аяқ асты ұшақ ұшырап
Аңырап қанша ошақ қалды бүгін.
Барар жер бәрімізге бірақ мекен,
Келмейді ажал айтып рас екен.
Он екі жан мәнгілікке кетті озып
Жер ана құшағы тұрақ екен
Босатып әр босаға діңгектерін
Туыстың езгіледі жүректерін.
Өмірдің өзі бізге сынақ екен
Қара жер о дүниеде тұрақ екен.
Отырмын түн ортасы ауғанынша
Дәрмен жоқ қарсы тұрар амал қанша.
Қазалы от басына көңіл айтам
Тілеуім зардап шеккен аман болса.
28.12.2019.
Махметжанова Сайраш Абдыкенқызы
Сырласу
Келді ме бүгін тажал күн,
Ажал боп келіп сені алған.
Өмірден сені жоғалтып
Жүрегіме жара салған.
Қалды ғой сөніп көп арман,
фаниден кетіп жоғалған.
Арманды қайтіп оралтам
Ақиретке бірге оралған.
Сағыныш кернеп жүректі,
Әзерге шыдап жүрмін—ау.
Артыңда қалған ұрпақпен
Көңілімді әйтеу жұбатып.
Жалғасып жатыр ұрпағың,
Алланың түсіп рахымы.
Менде бір сол Алланың
Жаратқан білем ақыны.
Сағынсам егер өзіңді,
Жазамын өлең жұпыны.
Қалмады менде сенімен
Сырласудың басқа ұшқыны.
Өзіңсіз өткен үш жылым
Мені де соған көндіртті.
Ағылып шыққан жүректен
Жырымды мына өндірті.
Өзіңсіз уақыт өткізген,
Үш жылға бүгін жетіпті.
Іздеймін сені күндерден
Оралмай кеткен, бір өткен.
Сағыныш болып жүректен
Ағылған өлең жұбаныш.
Мұңымды соған шағамын
Өзіңді қайдан табамын.
Асылым менің, ардағым,
Өміріңді әрі жалғадым.
Ұрпағыңмен жалғанып
Орындалсын арманың.
07.12.2020жыл.
Сайраш Махметжанова Абдыкенқызы
Өмір деген осындай
Үй тұрғызып басыңа қайтып келем,
Риза боп Аллаға рахмет айтып қоям
Достарың да риза боп қайтты білем
Қол ұштарын тигізіп қабіріңе
Еске салып өткенді айтты білем.
Анаң байғұс отыр ғой ойға батып
Кімге құлақ ?асарын білмей сасып.
Өмір деген осылай болды екен
Адамдарды әуреге салады екен.
Көңілдері құлазып ойға батып
Өзін-өзі жеп оймен оза ма екен?
Деген сауал ойыма оралды кеп
Жоралғыда өмірде керемет?көп.
Орындалмай қалама жанға батып,
Деген оймен келеді таңдар атып.
Жалғастырып өмірді жорғалатып.
Мен осылай отырмын ойымды екшеп,
Түн ортасы алғандай ұйқымды ұрлап.
Сол күндерді еске сап отырмын-ау
Елестете өмірді өткен жырлап.
"Үй алдында төбең болса ертеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең" деп қазақ мақалында айтылғандай. Қарттарымыздың өмірі өсіп келе жатқан жастарға үлгі болары анық. Ақиық ақын М.Мақатаев осы туралы былай деп жырлап кетіпті:
Сақалыңнан айналдым қарт бабалар,
Ұрпағына не айтарсың артта қалар.
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Аға ұрпақтың өнегесін жастарға үлгі тұтып, елімізді өркенниетке апарар ұлы жолдағы жасампаз ұрпақтың кәдесіне жарату өз қолымызда. Олай деу себебім мектеп оқушыларымен жиі кездесу өткізтін орындарың қонағы ардагерлер жастарға ақыл— кеңестері беріп жаңа ұрпақты тәрбиелеуге әлі де ат салысып келеді.
"Қарттар күніне» орай ұйымдастырлған мерекелік іс-шара біздің қалалық кітапханда жиі өткізліп тұрады.
Қарттарымыз әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарының қызығына кенеліп жүре берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін...
Біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
дайындаған: Махметжанова С
Азалы күн
Соқтыртып желтоқсанның ызғарлы желін,
Қайғыртып қазағымның бүкіл елін.
Тағыда келді жетіп азалы күн
Ажалы қанға бояп қарлы жерін.
Талай жан түшігерлік апатты өлім,
Қайысқан қабырғасы қайран елім.
Апатқа аяқ асты ұшақ ұшырап
Аңырап қанша ошақ қалды бүгін.
Барар жер бәрімізге бірақ мекен,
Келмейді ажал айтып рас екен.
Он екі жан мәнгілікке кетті озып
Жер ана құшағы тұрақ екен
Босатып әр босаға діңгектерін
Туыстың езгіледі жүректерін.
Өмірдің өзі бізге сынақ екен
Қара жер о дүниеде тұрақ екен.
Отырмын түн ортасы ауғанынша
Дәрмен жоқ қарсы тұрар амал қанша.
Қазалы от басына көңіл айтам
Тілеуім зардап шеккен аман болса.
28.12.2019.
Махметжанова Сайраш Абдыкенқызы
Сырласу
Келді ме бүгін тажал күн,
Ажал боп келіп сені алған.
Өмірден сені жоғалтып
Жүрегіме жара салған.
Қалды ғой сөніп көп арман,
фаниден кетіп жоғалған.
Арманды қайтіп оралтам
Ақиретке бірге оралған.
Сағыныш кернеп жүректі,
Әзерге шыдап жүрмін—ау.
Артыңда қалған ұрпақпен
Көңілімді әйтеу жұбатып.
Жалғасып жатыр ұрпағың,
Алланың түсіп рахымы.
Менде бір сол Алланың
Жаратқан білем ақыны.
Сағынсам егер өзіңді,
Жазамын өлең жұпыны.
Қалмады менде сенімен
Сырласудың басқа ұшқыны.
Өзіңсіз өткен үш жылым
Мені де соған көндіртті.
Ағылып шыққан жүректен
Жырымды мына өндірті.
Өзіңсіз уақыт өткізген,
Үш жылға бүгін жетіпті.
Іздеймін сені күндерден
Оралмай кеткен, бір өткен.
Сағыныш болып жүректен
Ағылған өлең жұбаныш.
Мұңымды соған шағамын
Өзіңді қайдан табамын.
Асылым менің, ардағым,
Өміріңді әрі жалғадым.
Ұрпағыңмен жалғанып
Орындалсын арманың.
07.12.2020жыл.
Сайраш Махметжанова Абдыкенқызы
Өмір деген осындай
Үй тұрғызып басыңа қайтып келем,
Риза боп Аллаға рахмет айтып қоям
Достарың да риза боп қайтты білем
Қол ұштарын тигізіп қабіріңе
Еске салып өткенді айтты білем.
Анаң байғұс отыр ғой ойға батып
Кімге құлақ ?асарын білмей сасып.
Өмір деген осылай болды екен
Адамдарды әуреге салады екен.
Көңілдері құлазып ойға батып
Өзін-өзі жеп оймен оза ма екен?
Деген сауал ойыма оралды кеп
Жоралғыда өмірде керемет?көп.
Орындалмай қалама жанға батып,
Деген оймен келеді таңдар атып.
Жалғастырып өмірді жорғалатып.
Мен осылай отырмын ойымды екшеп,
Түн ортасы алғандай ұйқымды ұрлап.
Сол күндерді еске сап отырмын-ау
Елестете өмірді өткен жырлап.