07.02.2022
183
БЕКАСЫЛДЫҢ БАСТАУЫ
Кезеріп ерін, кеңсірікке қақ тұрып,
Кенезем кеуіп бастауға жеттім аптығып.
Шашырап жатыр шойындай шоғыр тастары,
Шалғыны шалқып, жапыраққа шық тұрып.
Сусыным қанды шәрбатын ішіп бұлақтың.
Ауылға жету-ойланып тұрсам жырақ тым.
Қиялмай бабамның басқан іздерін,
Түнеп те шықтым.сыбдырын тыңдап қурақтың.