meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.02.2022
  196


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ӨМІРДІҢ УЫ ӨТІРІК

Өтірік айтса өз балаң,
Нең қалды қазақ азбаған.
Өтірік десе өртеніп,
Үлкендер өле жаздаған.
Өтірік айтқан имансыз.
Өтірік айтқан ол арсыз.
Өтірік өрге баспайды.
Кімге барып жағарсыз.
Өтірік жолдас болмайды.
Өтірік айтқан оңбайды.
Өтірік айтса өз балаң.
Бәрінен де сол қайғы.





Пікір жазу