07.02.2022
  153


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ЖАН АУЫРЫП ЖАТҚАНДА

Қарамай денсаулықтың есебіне,
Жастықтың жалаң еріп жетегіне
Басқаларды бақытты етемін деп
Таңылдым аурухана төсегіне
Ауруға неге керек май шелпегің
Тамағың келіп жатыр күнде тегін.
Сарғайып сары тап боп жатқан адам.
Ешкімнің көтере алмас еркелігін
Кешегім жақсы еді ғой бүгінгімнен.
Көп сырды сездім тамақ бүлкілінен.
Тасыған тау суындай асыл жүрек
Бұғып қалды медбике зіркілінен
Көпке сөз айтушы едім бет қаратпай
Сөз сөйлер менен басқа адам жоқтай,
Ауруға пенде болып жатыс мынау
Сырласым шиқылдаған төсек тақтай
Арманға асыл жүрек жетелейді.
–Сенемін мен жазылып кетем,-дейді.
 Әй,-қайдам, асыл жүрек буырқанба,
Жас келді бұл арманың өтелмейді
«Көксәйек» ауруханасы
2007жыл.14 қыркүйек.





Пікір жазу