07.02.2022
  141


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ҚАРТТЫҚ АРМАН

«Қартайдық қайғы ойладық ұлғайды арман»
Білдірмей өтіп жатыр мынау жалған.
Қолы шебер, басында білімі жоқ,
Қорқамын мен кейінгі балалардан.
Кейбірі болып алды ақша құмар,
–демейді – Аман болсақ мал табылар.
Ақылды қалып қойып көлеңкеде
Бар істі шешіп жатыр қалталылар.
 Кедейдің заманы бұл таңы айырылған.
Аттыға жете ала ма жаяу адам.
Соңында байшікештің шотын шауып
Тірлігі тірлік емес жарамазан.
18/ХІ1-2003 ж.саә.түнгі 1:30 мин.





Пікір жазу