07.02.2022
  132


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

АНА-ӨМІР

Сулу қыздар самғап өскен бәйтерек,
Күллі ерлер қыз болмаса қайтер ек?
 Өміріне өмір жалғап ерлердің,
Арыс ұлды жетелейсің тәй-тәйлеп.
Кей кездерде мінезіне қапамын,
Қапалықты қалай саған айтамын.
Алдағанға кетесіңдер шарт сынып,
Шарт сынудан шықпайма сол шатағың?
Аққусыңдар айдын көлді сағынған,
Бар махаббат сәулең болып бағынған,
Құлай соқса сол махаббат самалы,
Сені жігіт, жігітті сен сағынған





Пікір жазу