07.02.2022
181
БАЛА, БАЛА, БАЛА ДЕП...
Мал тапқанмен балам-ау айдан алып,
Күннен күнге барасың майдаланып.
Жоқтан өзгеге шашып құртып
Рәтін көрмей жүрсің пайдаланып
Сандалбайсың жүрген бір күнің өтіп,
Достарың бар көре алмас, жымың етіп.
Жақсы жолдас мұратқа жеткізеді
Абайлашы қалмасын құның кетіп.
Ақ көңілдік жігітке жарасады
Артық кетсе ақылдан адасады
Не ары, не бері емес ортасында
Тұрған жан жұрт көңілін дөп басады.
Ақылым асқандықтан емес мұным,
Ойлайтыным болашақ сенің күнің
Біреудің (қатынның) айтқанымен жүрген кезде
Намыстанам, қарайам осы шыным.
26.05-1995 ж. Қызылтау.