06.02.2022
368
ӘКЕ АРМАНЫ
Қараборбай балаларым,
Ұядан қайтсем ұшырам.
Балалықтың бал дәмін
Өзіңе беріп тұшыған.
Қасырет екен жалғыздық,
Сидиып өстім жалғыз түп.
Тамырлатсам сендерді,
Жел шайқамас мығым қып.
Сан ойлар қаптап бала үшін,
Жатпадым жайлы бір сағат.
Орнына қойып кірпішін.
Жеткізсем деп армандап,
Ежелгі дерт қалмады.
Елпеңдеп шығып жел сөзге.
Балаларды алдады,
Бауыр ет бар да, мен сөзбе.
Терең ойлы бір жан жоқ,
Сөзіңді ұғып жөн айтар.
Қолдан келер дірман жоқ,
Босанып кетті бір байтал.