06.02.2022
  108


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

КӨКТЕМ

Жыл құсымен бірге келді
Жұпар исті көктемім,
Жер құлпырып түрге енді,
Нұрын төкті көкте күн.
Қаһарлы қыс, қатты аяз,
Жылмияды жеңіліп,
Тоңған жері тым таяз
Жылымыққа көміліп.
Күн шуақта маужырайды,
Жан-жануар, жер түлеп.
Көптен күткен осындайды,
Көкте шығар дүркіреп.





Пікір жазу