06.02.2022
137
ӨМІР ЖОЛЫ...
Өмірдің соқпақ жолдары,
Қиялай тартып барады.
Кете де берер ол да әрі,
Ұзарса өмір жарады.
Арманым білу менің қазақ тілін,
Білгенім анам тілін қазақтығым.
Асқарға армандаған қолым созып
Үмітпен болашаққа қарап тұрмын.
Тұңғыйық білім түбі терең екен
Күнде оқу, күнде жаттау, керек екен
Ақыл ой, арман, мақсат, ынта, жігер,
Жимасаң бытыраңқы жүреді екен.
«Қолымды мезгілінен кеш сермедім,» –
Ақыл айтқан кісіге дес бермедім.
Қанағат!,-өтті-кетті бұлаң жастық
–Азаматы – атым бар өскен елдің.