06.02.2022
121
![](/uploads/shorttexts/author_image/face9686a126c31e936870d7c956b970-250x300.jpg)
ҚЫС ТҮСІП КЕЛЕДІ
Қара түнек қаптайлап,
Түнере түсті шет аймақ.
Көз байланып күңгірт боп,
Ызғырық соқты бұлтты айдап.
Қараңғы басты тау-тасты
Жылу мен суық айқасты
Жеңіліс жоқ, жеңіс жоқ,
Тайталасу жалғасты.
Күндер өтті, түндермен
Бораны ұлып қар басты
Ышқына соққан долы жел
Әбжыландай арбасты
Табиғат заңы осындай,
Айтпасқа сірә болмасты.
******
Маужырап келіп май айы,
Шаттығын төкті әр үйге.
Қарменен еріп бар қайғы,
Балбырап, балқып бір күйде.