06.02.2022
  116


Автор: Саян ЕСЖАН

* * *

Неге мұңды бұл мамыр,
неге өкпелі,
Сыздатты ма
көңілін жел өкпегі?!
...Бәлкім,
бізге өкпелеп тұрған шығар,
Бәлкім,
бізге кездеспеу керек пе еді?!
Кесірі көп
күндердің кесімі боп,
Кеттік пе екен
төзгісіз кешіріп от?!
Өткен күннен
бір әуен жеткенімен,
Бүгін бірақ о,
соның еш үні жоқ...
 
Неге мұңды
бүгін бақ қызғалдағы?!
Кетті ме екен
айналып күзге арманы?!
Өнбей жатқан сол гүлдей –
мендік бақыт –
Көңілімде о,
қайран сыз қылғаны...
Неге мұңды бұл мамыр,
неге өкпелі?
Әлде жазмыш жазуы
себеп пе еді?!
...Қосқанымен
қу Тағдыр бағымызды,
Табиғаттың өзі де бөлектеді...
...Әлде бізге жолықпау
керек пе еді?!





Пікір жазу