06.02.2022
  115


Автор: Саян ЕСЖАН

***

Секунд. Минут.
Сағат тілі...дірілі.
Түн. Қоңыр Жел...
Қоңыр Желдің күбірі...
...Уақыт. Қоғам.
Қала. Өмір Ертеңі,
Елес.Тағдыр.
Сағыныштың Бүгіні.
...Желісінен жаңылмайтын
Тіршілік,
Таң атады,
кеш батады, күн шығып.
Сағынудың мезетінен
жаңылып,
Жабығудың мезетінен
тұншығып,
 
Жалығудың
жырын оқып бұла түн,
Бұла түнмен
салғыласып бір Ақын,
Ең бір көркем жыр жазады
Сен жайлы –
Ең бір көркем мұратын...
Соң-соң...Көше.
Өзен. Жаңбыр. Қоңыр бақ.
Сұр Ескерткіш.
Түнгі оттар жалындап...
Ескі орындық.
Таныс орын. Бульвар. Ай.
Төзім. Сенім.
Көпір. Нөпір. Көңіл. Жад.
...Бәрі-бәрі –
Естеліктер. Ой. Аңсар.
Аялдама. Даңғыл.
Тротуар. Ояу шал...
Ағаш. Аспан.
Үйлер. Сұрғылт балкондар.
Кафе. Көлік. Бұлттар...
жерге таяу сәл.
 
...Соң-соң тағы:
Секунд. Минут.
Сағат тілі...дірілі.
Түн. Қоңыр Жел...
Қоңыр Желдің күбірі...
...Уақыт. Қоғам.
Сенсіз Ақын Ертеңі,
Елес.Тағдыр.
Жалғыздықтың Бүгіні.





Пікір жазу