06.02.2022
  114


Автор: Саян ЕСЖАН

ТҮНГІ «КАРТИНА»

Жолдар сұлық.
Қалтырайды
жиекте тоңған шілік.
Ессіз көше
қоңырқай есінейді,
Жел сызымен
ауаға қанжар сұғып.
Бұлдыр ғалам.
Айдың бозғылт сәулесі,
Түн.
Жыр...
Далам...
Мөлт-мөлт еткен
тамшының мөлдір сөзі,
Күміс су
көмейінен былдырлаған.
Қараңғы ауыл.
Сан ойлар
жамырайды санамда кіл.
 
Сәмбі талға
сүйеніп әлі тұрмын,
Тапталып...
табанда Гүл...
Жолдар сұлық...
Түн әлсіз күбірлейді:
«Алдамшы Үміт!»





Пікір жазу