06.02.2022
  135


Автор: Саян ЕСЖАН

РЕДАКЦИЯ. КҮРСІНІС. ОЙЛАР...

(Перизатқа)
Жазғанымыз
кімге керек тегінде,
(Төрт кітапта
төрткүл дүние жазылған.)
...Есіміміз шығар талай нөмірде,
Мақалалар, хабарлар...
Уақыттай созылған.
«Уақыт» дейміз,
Іштей ғана күрсініп.
Тарпаң сынды
аялдамас Уақыт.
Осы ма екен
біздер күткен Тіршілік –
...Осы деймін өз-өзімді жұбатып.
 
Күйбең тірлік.
Тапсырмалар,
жоспарлар –
Әрбір күннің
белгіленген міндеті.
Пайымдаулар, көлгірсулер,
«астарлар»
Сөз ғой бәрі...
(Бәрі – әкімдік құрметі)
«Нұрлы-нұрлы»
Сөз жарқырап көздерде,
Бір бақытты күтеміз рас,
тағы алдан.
Кейде шыдам
таусылғандай, төзгенде...
Төзуге де ойларды алдар көп арман.
...Солай, солай,
ағады өмір өзені
кейде тағдыр арнасына бағынбай.
...Шын бақыттың
келер бір күн кезегі
жаңа шыққан газеттің бір санындай.
 
Жазылады әр сәт газеттегідей,
Тағдыр атты редакторы бар оның.
Бес күн жалған...өтер әдеттегідей,
Бес күн Жалған...
өтеуі не ал оның?!





Пікір жазу