04.02.2022
  187


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КЕК ПЕН МҰҢНЫҢ МУЗАСЫ

(Орылмаған танап)
Қоңырқай күзде. Қалмаған қарға,
Жалаң орман, қаңырап дала.
Жалғыз бір танап орусыз қалған...
Көңілге сол бір мұңды ойлар салған.
Өзді-өзі сыбыр, дейді ме масақ:
«Сыңсуын күздің тыңдау бір азап,
Малынтып шаңға бадана дəнді,
Бас ию жерге емес-ау сəнді!
Түн болса, бізде бардай-ақ өші,
Қайдағы жемқор құстардың көші,
Қоян да таптап, дауыл да ұрды...
Қайда жүр диқан? Не күтіп тұрды?
Əлде біз елден ұсқынсыз ба едік?
Əлде біз селдір, гүл-дəнсіз өндік?
Жоқ! Біздің қауыз ел ғұрлы болды,
Дəн бірден бітіп, жетіліп толды.
Ендеше күздің шашсын деп желі,
Сеппеген болар, тырмалап жерді...»
Қайғылы жауап қайтарды жел де:
– Мүшкіл, – деп, – сіздің егінші мүлде.
Жер жыртты не үшін, дəн септі не үшін,
Білді ғой, бірақ діңкелетті күшін.
Нашарлап байғұс – нəр татпай тегі,
Жүрегін дімкəс, жеп жатыр жегі,
Қолдары мына боразда тартқан
Жаңқадай семіп, таспадай қатқан.
Жанары сөніп, үні де өшті,
Салатын зарлы əуенге ескі.
Соңында соқа танапты бойлап,
Жүрген бір кезде ол əлде не ойлап.
Қатерлі сəтте туасыңдар,
Жартасқа соққан толқындай келіп
Жүрегін жұрттың ұрасыңдар.
* * *
Күні кеше, сағат алты,
Сеннаяға соғып ем мен:
Шаруа əйелін жап-жас қалпы
Жатты сойып қамшыменен.
Үн шығармай тұншығар ма,
Бишік қана сусылдаған...
Музаға айттым: «Əне қара!
Ол бір туған сіңлі саған!»





Пікір жазу